Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылғы 4 қазанда Астана қаласында «Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнама мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі нұсқаларын және ісжүргізу сапасын жақсарту, салалық терминдерді біріздендіру мақсатында «Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратының Редакциялық-баспа, Редакциялау және аударма бөлімінің мамандары заңнама мәтіндерінің сапасын арттыру, заңнама мәтіндеріндегі терминдерді біріздендірудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарды жүргізуге жауапты мамандар қатысады.

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887



Баға беріңіз