​Шымкенттіктердің 91 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейді

Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр. Қазақылықтың қаймағы тұнған оңтүстік өңірде барлық этнос өкілдері бас қо...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қыркүйек, 2016


Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда 4 мыңға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде.

Жуырда Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы Алғыс хатына ие болды.

Мерекелік шараны шымқала тұрғындары нағыз думанға айналдырды. Аудан, қала өнерпаздары мен этнос өкілдері ән мен жырдан шашу шашып, би билеп, тілді ұлықтауға арналған жиынның шырайын келтіре түсті.


Баға беріңіз