«Ой-сана» республикалық байқауы өз мәресіне жетті

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен              «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлест...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 қыркүйек, 2016

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін оқуға деген құлшынысын арттыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысты.

Байқаудың үш шарты (эссе жазу, жаңылтпаш оқу және диалог құрастыру, өз өнерін көрсету ) бойынша сайысқа түскен қатысушылар білімі мен білігін осы негізгі кезеңдерде танытып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысынан келген қатысушымыз Каирдинова Аида Қайролдақызы өзінің орыс тілін жетік меңгергендігін байқау барысында танытып, орыс тілінің білгірі атанып, бас жүлдені (150 000 теңге) қанжығасына байлады.

Қостанайлық Демесінов Нұржан Алматұлы жүлделі 1-орынды (120 000 теңге), Астана қаласынан қатысқан Жұмағалиева Мадина Маратқызы жүлделі 2-орынды (100 000 теңге), Солтүстік Қазақстан облысынан келген Қапбасова Дана Болатқызы жүлделі 3-орынды (70 000 теңге) иеленді.

Ынталандыру сыйлығы (35 000 теңге) 4 қатысушыға берілді. Асанбаева Елдана Бақытқызы (Павлодар облысы), Нұрмұхамбетов Арман Нұрланұлы (Ақмола облысы), Сенкибаева Мәдина Қайратқызы (Қарағанды облысы), Елшібекова Гүлнұр Амантайқызына (Ақтөбе облысы) ынталандыру сыйлығы бұйырды.


Баға беріңіз