Тіл үйренуге тиімді қадам

Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясы...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 қыркүйек, 2016

Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде тыңдап түсіну, оқу, сөйлеу, жазу және жазбаша сөйлеу құзыреттіліктерін қарапайым деңгейден ортадан жоғары деңгейлерге интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқыту арқылы жеткізу.

Мемлекеттік тілді оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Энергетика, Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Инвестициялар және даму, Әділет, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Мемлекеттік қызмет істері, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Жоғарғы сот және Бас прокуратура қызметкерлері қатысады.

Семинарға қатысушы мемлекеттік қызметшілерге:

- «Ресми-іскерлік қазақ тілі»;

- «Мемлекеттік қызметшінің А1-А2-В1 деңгейлерінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары»;

- «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»;

- «Сөз мәдениеті және іскерлік риторика»

тақырыптарында дәріс беріледі.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Байланыс телефондары: 8(7172)753150, 753166, 408367


Баға беріңіз