Орфографиялық топтың отырысы өтті

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың отырысы өтті
Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 қазан, 2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4 қазанында Алматы қаласында «Жаңа емлені бекіту:маңызы мен мүдделі органдардың міндеттері» атты қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Орфографиялық топ) отырысы өтті.

Семинардың мақсаты жаңа әліпби негізінде жасалған Жаңа емле ережесін бекіту қарсаңында сараптаудан өткізіп, түзету, жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыру және қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін бекіту алдында жазылымы даулы орфограммалардың емлесін талдау, талқылау.

Семинарға Тіл саясаты комитеті басшылары, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Орфографиялық топ мүшелері қатысты.

Семинар барысында 2019 жылдың 27-29 маусым аралығында өткен емле ережелерін талқылау барысында дайындалған соңғы нұсқаға енгізілген өзгертулер талқыланды. Талқылау барысында Орфографиялық топ мүшелері мен емле құрастырушы мамандар тарапынан баяндамалар жасалды.



Баға беріңіз