Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Бірге түзетейік!» байқауы

21.8.2019 299
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды.

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Байқаудың мақсаты:

  • Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау;
  • Жарнамалардағы қателерді түзетуде қала тұрғындарының белсенділігін арттыру;
  • Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз ету.

Байқаудың талаптары:

  • Фотосуреттер (телефон, фотоаппаратқа түсірілген сурет);
  • Қате анықталған жарнамада нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі керек.

Байқауға әрбір азамат қатыса алады. Қателері бар жарнамалар фотосуретке түсіріліп, 2019 жылдың 1 қарашасына дейін мекеменің saraptama@tilqazyna.kz электронды поштасына немесе 8 708 738 87 67 whatsapp нөміріне жолдануы тиіс. Сондай-ақ, түсірілген фотосуреттерді инстаграм парақшасына #Til-Qazyna хештегімен белгілеп салуға болады.

Ең көп қате мен кемшіліктерді анықтаған қатысушылар байқаудың қорытынды шарасында арнайы алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы 2-қабат.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33, 8 70794070 74 нөміріне хабарласыңыз (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы).

Қала - ортақ үйіміз.

Қатесіз қаланы бірге жасаймыз!

Тегтер: мониторинг, қала, Нұр-Сұлтан, жарнама, жарамсыз жарнама, жарымжан жарнама, қате жарнама, баннер
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

118

ақпарат

Алматыда семинар-кеңес өтті

58

ақпарат

БАҚ кеңістігіндегі терминдер талқыланады

44

ақпарат

Терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланады