Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Көркемсөз оқу шеберлерi бақ сынасты

15.8.2019 143

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен XXI Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Аққулы ауданында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсы өткізілді.

Көркем әдебиеттi насихаттауды жандандыру, қазақтың ұлы жазушыларының және ақындарының шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне, ділі мен дініне деген жастардың құштарлығын арттырумақсатында өткізілген шараға 17-29 жас аралығындағы қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары қатысты.

Өңірлік деңгейде көркемсөз оқу шебері атанған қатысушылар байқаудың ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынасты.

Бірінші кезеңде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан немесе қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу.

Екінші кезеңдеСәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу талаптарын орындады.

Аталған шараның құрметті қонақтары болыпакадемик, философия ғылымдарының докторы, абайтанушы, Павлодар облысының Құрметті азаматы Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова, «Ғазиза» қоғамдық қорының директоры, журналист Мақсан Жарылғасынұлы, филология ғылымдарының кандидатыШаңбай Тұрсын, Ресей Федерациясы Алтай өлкесіндегі қазақ диаспорасының төрағасы Сапарбек Маусымбаев қатысты.

Үмiткерлердiң өнерiн сарапқа салып, әдiл бағасын беретiн қазылар алқасы ретіндеабайтанушы, тіл жанашыры, зиялы қауым өкілі Даниял Сабырұлы Әсенов, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақ тілі мен журналистика» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессорАйман Файзоллақызы Зейнулина, Аққулы аудандық білім бөлімінің әдіскері Айжан Абзалбекқызы Макишева шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Успен ауданының үміткері Құрметжан Ербақ иеленсе,І орынға Ертіс ауданының үміткері Шарипов Қуанышбек, ІІ орынға Аққулы ауданының үміткері Тілеген Айбек, ал ІІІ орынға Павлодар ауданының үміткері Хауметхали Әйгерім лайықты деп танылды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға басқарма тарапынан дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Облыстық конкурстың жеңiмпазы Құрметжан ЕрбақТалдықорған қаласында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама алды.

Тегтер: Палодар, Абай оқулары, көркемсөз, өлең
Авторы: Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

118

ақпарат

Алматыда семинар-кеңес өтті

58

ақпарат

БАҚ кеңістігіндегі терминдер талқыланады

44

ақпарат

Терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланады