"Қазіргі қазақ поэзиясымен тайталаса алар бір жұртты көре алмай отырмын"

Серік Ақсұңқарұлы:
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 тамыз, 2019

Әлем әдебиетінде қазақ поэзиясының алар орны ерекше. Шынымды айтсам, бүгінгі өркениетті елу елдің әдебиетінен де қазіргі қазақ поэзиясымен тайталаса алар бір жұртты көре алмай отырмын. Сонау эпостық жырлардан, жыраулар поэзиясынан бастап, бертіндегі Абай, Мағжан, Ілияс, Қасым, Мұқағалиға дейінгі аралықта қаншама жауһар дүниелер бар. Қазақ жырының әлеуеті өте зор, болмыс-бітімі де елден ерекше. Соған қарамастан, қазақ жырының әлемдік кеңістікте бой көрсетуі өз дәрежесінде болмай тұр. Іргемізде көршілес жатқан орыстардың өзі Абайды аудара алмады. Абайды аудара алмағаннан кейін, Ілияс та, Мұқағали да, Қасым да өз дәрежесінде тәржімаланбағаны өз-өзінен белгілі ғой? Қазақ әдебиетінің озық үлгілерін әлем тілдеріне көркемдігі мен қасиетін сақтай отырып, өз деңгейінде аударуды ең негізгі мәселе ретінде қолға алу керек. Батыс әдебиеті жарнамасымен мықты болып отыр. Бізде ол жоқтың қасы...


Баға беріңіз