Айтыс сахнасы сайқымазақтардың орны емес

«Алтын домбыра» айтысын биыл Ақ Жайық өңірі қабылдайды. VIII кезекті аламан айтыс Орал қаласында өткелі отыр. Бұл туралы халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ер...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 шілде, 2019

Шынын айтқанда, ақындар айтысы қазіргі қазақ қоғамы секілді "алты бақан, ала ауыз" болып жүргелі көп болды. Тіпті бір жылдары кейбіреулер айтыстың тізгініне жармасып, өз қарамағына алғысы келгенін де байқаған едік. Ғасырлар бойы қазақ халқының "Парламенті" болған ақындар айтысын қолына алып, өзінің идеологиясын дәріптеуге әркім әуес. Халықтың мұң-мұқтажын айтуы тиіс ақындарымыз жолынан жаңылып, әрқайсысы өз "иесінің" идеясын нәсихаттаса айтыста не қасиет қалмақ?

Кейде сырт көзге айтыскерлердің өзі жік-жікке бөлінгендей көрінеді. Арқада өткен айтысқа қатысқан ақын, Жетісудағы жыр бәйгесіне жоламайды дегендей. Басқаша айтқанда, Одақ ұйымдастарыған айтыстарға қатысатын ақындар бір бөлек, өзге айтыстарға қатысатындар бір бөлек?!

Оның үстіне, айтысты шоуға айналдырғысы келетіндер де бар. Сахнада домбырасын сабалап, ән салып, "концерт қоятындар" көбейіп кетті. Айтысты қанша жерден жан-жақты өнер дегенімізбен, өз шеңберінен шықпағаны жөн. Көркемдіктен жұрдай бұралқы сөздермен көрерменді күлдіруді ғана ойлайтын ақындар айтыстың сапасын түсіреді. Онсыз да қазақ өнерін сайқымазақтар жаулап алды. Кино да сайқымазақ, әзіл-ысқақ театрлары да сайқымазақ, телеэкран мүлде әнші-сайқымазақтардың ордасына айналған.

Сол үшін айтысты жұлмалауды қою керек. Қолына домбыра ұстаған сайқымазақтарды сахнадан қуып түсетін кез келді деп есептейміз. Айтыс - қазақ үшін ұлық өнер. Оны әркім өз идеологиясын дәріптейтін құралға айналдырмағаны жөн. Сөз соңында "айтыскер ала болса, ауыздан асыл сөз кетерін" айтқымыз келеді.


Баға беріңіз