Бір күндік жалақысын аударды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке қарасты мекеме қызметкерлері Арыстағы апатқа байланысты жапа шеккен халыққа көңіл айтып, көмек қолын созды. Қызметкерлер бі...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 маусым, 2019

Еске салайық, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасымен бір топ өнер адамдары Арыстағы зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге аттанған болатын. Олардың қатарында "Дос-Мұқасан" тобының мүшелері, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Майра Ильясова, Сәкен Майғазиев, Гүлзира Айдарбекова, Шакизада және т.б. өнер майталмандары бар.

Сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың жанынан штабтар құрылды. 27 маусым күні Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек керуені жөнелтіледі. Танымал мәдениет және спорт қайрат­керлері халықтың рухын көтеріп эвакуацияланған тұрғындар мен әскерилерді қолдау мақсатында Арыс қаласына аттанатын болады.

Айте кетейік, Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады.

Анықтама үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттерін газет оқырмандарының назарына ұсынамыз:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы,

Қызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ

Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Қайырымдылық көмек ретінде аударыл­ған қаражат «Түркістан» әлеумет­тік даму қорының корпоративтік картасына да қабылданады: 4042 4583 0000 0843 DAURENBEK KURBANIYAZOV

Қор директоры: Құрбаниязов Дәуренбек +77718933536


Баға беріңіз