Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Жамбыл облысында ақпараттық-насихат апталығы басталды

24.6.2019 317
Жамбыл облысында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіру жұмыстары басталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп республикалық апталық аясында үстіміздегі жылдың 24-28 маусым аралығында Тараз қаласында және Аса, Сарыкемер кенттерінде ақпараттық-насихаттау республикалық апталығын өткізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәденеит және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов брифинг барысында айтты.

- Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ аудандарының мемлекеттік қызметшілерге, мұғалімдерге, жастар мен оқушыларға, жалпы көпшілікке және республиканың әр өңірінен келген тіл мамандарына қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіру, ұлттық жазудың болашағы туралы ақпарат беру мақсатында 24-28 маусым аралығында апталық ұйымдастырп отырмыз. Ақпараттық кездесулер мен дәрістерге, семинарларға қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары қатысады, - деді ол.

Апталық 24-маусымда Тараз қаласында Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйіндегі ауқымды шарамен ашылды. Бұл шараға ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, әдіскерлер және көпшілік қауым қатысты. Жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі сияқты іргелі мәселелер айтылады.

Сондай-ақ, апталық аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда әдістемелік құралдар мен әдістемелік сабақтарды насихаттауға арналған кітап,аудио-видео сабақтар қойылған.Көрмеге Қалалық кітапхана, М.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПУ, Тіл-Қазына ұлттық ғылми-практикалық орталығында шыққан кітаптар қойылды.

Айта кетейік, ақпараттық жұмыстар 25-маусымда Аса кентінде және 27-маусымда Сарыкемер кентінде ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік қызметшілерге, мұғалімдерге және аудан жұртшылығына қоғамдық дәрістер жүргізеді. 26-маусымда Тараз қаласында білім, денсаулық сақтау қызметкерлеріне, оқушыларға және этнос өкілдеріне «Қазақ тілінің дамуы – ұлттың дамуы» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылады. Осындай дәріс 27-маусымда прокуратура қызметкерлеріне де жүргізіледі. Қоғамдық дәрістерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жаңа әліпбиге көшу жұмыстарының барысы жөнінде жалпы көпшілікке толық мағлұматтар беріледі. 27-маусымда М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік және Тараз педагогикалық университеттерінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген ғалымдар республикадан шақырылған және жергілікті әдіскерлер мен мұғалімдерге жаңа әліпби, оның емле ережелері жөнінде әдістемелік семинарлар жүргізеді. 28-маусымда жаңа әліпбиге байланысты республикалық және өңірлік шараларды үйлестіру бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылады.

Республикалық апталықтың жұмысын қорытындылау шарасы 28-маусымда өтеді. Онда үздік кабинет, маңдайша, сабақ, әдіскер номинациялары бойынша және апталықтың өтуіне атсалысқан қызметкерлерді марапатталады.






Фотогалерея



Тегтер: Жамбыл, насихаттық жұмыс, жаңа әліпби, емле-ереже
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

72

ақпарат

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

113

ақпарат

Мемлекеттік тіл - менің тілім

120

ақпарат

Үздік оқытушылар анықталды