Латын графикасына көшіруді ұйымдастыру жөнінде семинар-кеңес өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Тіл-Қазына» орталығы) 2019...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 маусым, 2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Тіл-Қазына» орталығы) 2019 жылдың 14 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы, ParkInn қонақүйінің конференция залында «Латын графикасына көшіруді ұйымдастыру бойынша мекемеішілік шаралары» атты Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша Мемлекеттік қызметшілер, Ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында түсіндірме семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты жаңа әліпбиді жалпы халық арасында түсіндіру, латын әліпбиін енгізудің мақсатын, тиімділігін насихаттау.

Семинарға Мемлекеттік қызметшілер, Ұлттық компаниялар, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі қызметкерлері, сонымен қатар еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарынан да сарапшы ғалымдар шақырылды.

Семинар-кеңес барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты жаңа емле ережелерінің мазмұны, құрылымы, меңгеру кезеңдері, оқыту әдістері баяндалады. Жаңа пунктуациялық ереже жобасы да таныстырылады.

Жаңа емле ережелерін филолог мамандар мен әр мекемедегі тіл мамандары үшін оқыту курстары мазмұны бойынша ақпарат беріледі.

Аталған семинар-кеңестің мақсаты – латыннегізді қазақ тіліне көшу үрдісіне байланысты мекемеішілік ұйымдастыру шараларын жүйелеу, пысықтау.

Семинарда емле ережелері жобасын сараптаушы мамандар баяндама жасайды.

Семинар жұмысына орталық атқарушы мемлекеттік органдар, (министрліктер, агенттіктер) күштік құрылымдар, ұлттық компаниялар өкілдері қатысады.


Баға беріңіз