Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жамбыл облысындағы ақпараттық-насихаттау апталығы

10.6.2019 458

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп 2019 жылғы 24-28 маусым аралығында Тараз қаласында және Аса мен Құлан кенттерінде қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің мазмұны бойынша өңір тұрғындарының арасында 5 күндік ақпараттық-насихаттау апталығын ұйымдастырады.

Апталықтың мақсаты: Қазақ тілінің жаһандану кезеңіндегі өзге тілдермен терезесі тең дамуын қамтамасыз ету бағытында әліпбидің кириллицадан латын графикасына көшіру мазмұнын қоғамда кең көлемді ақпараттандыру мен атқарылатын міндеттер бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Ақпараттық-насихат апталығы аясында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері үшін айшықты ақпараттандыру шаралары өтеді.

Біріншіден, латын графикасына көшуге байланысты көкейде жүрген кез келген сұраққа жауап алу үшін қоғамдық дәрістерді тікелей мекемелерге барып, қызметкерлермен филолог ғалымдар мен көшу кезеңдерін іске асырушы сала мамандары кездесулер өткізеді. Рухани сананы жаңғыртудағы тіл тазалығының рөлі мен латын графикасына көшудегі ұтымды тұстарын қоғам қайраткерлері мен ғалымдар өз дәрістеріне арқау етеді.

Екіншіден, тіл мамандары мен әрбір мекемедегі тілге жауапты мамандар үшін әдістемлік ашық есік күндері ұйымдастырылады. Қазақ тілінің латын графикасындағы жазылуы мен оқылуындағы ережелер бойынша сан қырлы сауалдарға жаңа емлені әзірлеуші ғалымдар жауап беретін болады.

Үшіншіден, латын графикасына көшу кезеңдеріне сәйкес өңірдегі ең үздік өнімдерді ынталандыру шарасы – «Ең үздік» номинациясы ұйымдастырылады. Латын графикасындағы жаңа ережелерді меңгерту әдістемелік құралдарын әзірлеу, үздік сабақтар, үздік жарнамалар, үздік маңдайшалар, тіл үйренуге арналған түрлі үздік жобалар бойынша өткізілетін байқау тіл мамандары үшін келесі кезеңге ауысудың локомативі болатыны анық.

Төртіншіден, апталыққа арналған форум мен концерт апталықтың жабылу салтанатын айшықтайды.

Түрлі ақпараттық өнімдер әзірленеді: буклеттер, әдістемелік құралдар, апталық газет басылымы, телеарналардағы арнайы сұхбаттар, радиодағы бетпе-бет тікелей эфир шығарылымдары, форумға арналған бас киімдер, бейнероликтер мен анонстық хабарламалар, аялдамалар мен халық көп жиналатын жерлердегі афишалар және т.б.

Ақпараттық-насихаттау апталығына еліміздің барлық өңірлерінен тілдерді дамыту басқармалары, бөлімдер басшылары, латын графикасына көшу бойынша жұмыстарға жауапты мамандар, тіл оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскер мамандар келеді. Апталықтың маңыздылығына өз өңірлерінде дәл осындай шараларды ұйымдастырулары арқылы еліміз бойынша мүмкіндігінше көбірек адамдарды ақпараттандыруға, насихаттауға қатыстыру іске асатын болады.

Автокеруендер арқылы аудан орталықтарына барып, кенттер тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылады.

Байланыс:

тел.

27 71 38

Веб-сайт:

www.tilalemi.kz, www.qazlatyn.kz, www.tilqazyna.kz

Эл.пошта:

info@tilqazyna.kz, a.aidos@tilqazyna.kz, i.asel@tilqazyna.kz

Ұялы телефон:

8 707 683 75 41

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, орфография, орфоэпия
Авторы: ​TIlalemi aqparat

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

165

ақпарат

Ахмет Байтұрсынұлы

125

ақпарат

​«Бірге түзетейік!» байқауы

90

ақпарат

Тренерлерге дәріс-семинар өтеді