Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Салалық терминологияға қатысты республикалық әдістемелік семинар өтті

30.5.2019 244
2019 жылғы 30 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» республикалық әдістемелік семинарын өткізді.

Республикалық әдістемелік семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында салалық терминдерді біріздендіру және ұлттық терминқорымызды жетілдіру қажеттілігіне негізделген.

Салалық терминологияны қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту тұрғысында талқылау және жаңа қазақ әліпбиі негізінде терминдерді дұрыс таңбалау мәселесін шешу әдістемелік семинарда оқылған баяндамалар мен сөйленген сөздердің басты тақырыбына айналды. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Ш.Құрманбайұлы сала терминологиясын жасауда жиі қолданылатын терминжасам үлгілері мен терминбөлшектерді айқындау мәселелеріне баса назар аударып, әрбір ірі ғылым саласы терминологиясының құрылымдық ерекшеліктерін, оны құрайтын тар салалардың өзара байланысын көрсетіп, соның негізінде терминологиялық қорды толықтыру қажеттілігіне тоқталды.

Ұлттық аударма бюросының Бас редакторы, Саясаттану бойынша философия докторы (PhD) М.Сеңгірбайұлы Ұлттық аударма бюросының ғылыми аударма тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, аударма саласындағы қордаланған мәселелерге баса назар аударды. Ал география ғылымдарының докторы Қ.Сапаров география ғылымын мемлекеттік тілде терминдендіру жолдарын ұсынды.

Аталған әдістемелік семинарда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қ.Айдарбек салалық секциялардың құрамы мен құрылымының мәселелеріне тоқталды, сондай-ақ баяндамаларда Денсаулық сақтау министрлігінің салалық терминологиялық комиссиясының жұмысы, БАҚ, банк, қаржы, тіл білімі салаларындағы терминдер бірізділігі және оларды жаңа кезеңге сәйкес жандандыру мәселелері қозғалды.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, тіл саласы бойынша басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Республикалық әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттерін шешуге бағытталған қарар қабылданды.

Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, Латын әліпбиі, Терминология
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

42

ақпарат

Жаңа әліпби: тиімді кеңес, пайдалы семинар

56

ақпарат

Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді қоғамда насихаттау шаралары

90

ақпарат

Ақтөбеде республикалық дәріс-семинар өтуде