Алакөл ауданында "Ана тілі аруы" байқауы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 мамыр, 2019

Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ұлттық құндылықты, дәстүрлі мәдениетімізді айшықтайтын талантты аруларды анықтау мақсатында «Ана тілі аруы» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға қатысуға келген 14 ару 5 кезең бойынша бақтарын сынап, өзара сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Ырғайты ауылдық округінен А.Тасқын жеңіп алды. І орынды Қабанбай ауылдық округінен А.Рахатбек иеленіп, ІІ орынды Лепсі ауылдық округінен Ж.Нұрахметова мен Қызылащы ауылдық округінен К.Сергеева, ал ІІІ орынды Екпінді ауылдық округінен А.Абрахан, Үшарал қаласынан А.Тақуова және Бескөл ауылдық округінен А.Шеризат еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің жүлдесі 22-наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында» арналған салтанатты жиында табысталатын болады.


Баға беріңіз