Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ әдебиеті әлем тілінде

22.4.2019 449
​Алатаудың баурайындағы алып шаһар Алматының іргесіндегі «Достық үйінде» БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы болып өтті. 

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» аясында атқарылған жобаның таныстырылымына шығармалары алғашқы антологияларға кірген авторлармен қатар жобаға үлесін қосқан Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция, Қытай, Египет, және Таяу Шығыс елдерінің аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылар қатысты.

Салтанатты шараның шымылдығын ашқан ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева: «Өнер мен мәдениет қайраткерлері, қадірлі қонақтар 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басталғанына 2 жыл толды.Ұрпақ тағдырын тарих тереңіне бойлай отырып, болашаққа қажет қасиеттерді бойына сіңіруге бастау болған бағдарлама ұлттық рухымызға ерекше серпіліс әкелді. Бүгінгі жиында осы жұмыстың табысты өтуіне атсалысып келген барша халыққа зор ризашылығымды білдіремін.

Әсіресе, алыстан келіп отырған шетелдік қонақтарымыз соңғы бір жылда қыруар жұмыс атқарды» - деді. Аталмыш жоба аясында «Қазақстанның қазіргі поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстанның қазіргі прозасы антологиясы» әзірленді.


Бұл жоба қазақ мәдениетін әлемге таныстырып, құңдылығын арттырып, байланыс орнатуға бағытталған. 160 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, беделді баспалардан шығып 5 құрлықтағы 90-нан аса елге жол тартты. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша жалпы саны 2 миллиард 600 миллион халық қазіргі қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алады. Жиын барысында шетелдік қонақтармен қатар авторлар сөз алып аударма ісіндегі маңызды мәселелер талқыланды. Нақтырақ айтқанда, Қазақ әдебиеті үлгілерін шет тілінде сөйлету барысында аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету жайында сөз қозғалды.

Қабдуәли Сәулет

https://turkystan.kz

Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, Латын әліпбиі, Терминология
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

46

ақпарат

Алматы қаласында"Тіл шебері 2019"қалалық конкурсы өз мәресіне жетті!

61

ақпарат

Латын әліпбиіне көшу жоспарлы жүзеге асады

86

ақпарат

Жаңа әліпбиді үйрететін телебағдарламалар көрсетілуде