ТАҒАЙЫНДАУ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 сәуір, 2019

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры лауазымына жазушы, прозашы, баспагер, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар тағайындалды.

Әлібек Асқар

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы Чернов ауылында туған. Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

Алматы көркемсурет училищесін (1975 ж.), ҚазМУ-ді (1982 ж.) бітірген. 1968-69 ж. киномеханик, 1975 ж. «Білім және еңбек» журналы редакциясының көркемдік редакторы, әдеби қызметкер, жауапты хатшысы, 1986 ж. ҚР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары. 1996 ж. Ұлттық Баспасөз және бұқаралық ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 1998 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі мемлекеттік баспалық бағдарламаларды қалыптастыру департаментінің. 1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі Баспа және баспахана істері департаментінің. 2005 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ҚР Академиялық Ұлттық кітапханасының директоры.

Шығармашылығы

10-нан астам кітаптың, повестер мен әңгімелердің авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы. "Құтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте түскен бозқырау" (1989), "Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді" (1997), "Родники рождаются в горах" (2000), "Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын" (2004), "Социализм әңгімелері", "Скрип соленого сердца" (2005), т.б. кітаптарының авторы.


Баға беріңіз