Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны

9.4.2019 574

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 11-12 сәуір күндері Қызылорда қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық шара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар ұйымдастырады.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері қатысады.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, орфография, орфоэпия, терминология
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

99

ақпарат

Алматыда семинар-кеңес өтті

55

ақпарат

БАҚ кеңістігіндегі терминдер талқыланады

41

ақпарат

Терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланады