Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тегіңді түзеу - тектілік

28.3.2019 147

ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары азаттық пен еркіндікті, егемен ел, дербес мемлекет болуды аңсап, бостандықтың жолында жан аямай тер төгіп, кемел келешек пен жарқын болашақтың жаршылары бола білді. Ресей империясының отаршыл саясаты, озбырлықпен қырып-жоюы қазақ арасындағы білім деңгейі биік, ақылы асқақ, парасатты, көзі ашық, көкірегі ояу алаш зиялыларының басын біріктіріп, жұдырықтай жұмылдырды. Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы сияқты ұлт жанашырлары бастаған Алаш азаматтары әділдік үшін, ұлттың мәдени-рухани байлығын дамытып, өзге елмен терезесі тең болуы үшін ағартушылық жолында еңбек етті. Міржақыптың «Оян, қазағы», Аханның «Масасы», Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» қараңғы қазақтың көгіндегі күн болғаны айқын. Ә. Бөкейханның «Аңқау елге – арамза молда», «Би һәм білік» атты мақаласы да баспасөз беттерінде жарияланып, халықтың көзін ашуға бағытталды. 1915 жылы «Қазақ» газетінің сәуірдегі санында сол уақыттан бастап осы күнге дейін өзекті мәселенің біріне айналған аты-жөнді жалпыға ортақ нұсқаға түсіру туралы Ә. Бөкейханның «Ов» атты мақаласы жарық көрді. Ол мақаланың мәтіндік мазмұны мынадай «Газетамыздың нөмерінде студент Ыдырыс Оразалыұғлының осы күні фамилия жазғанда қосылып жүрген орысша «ов», «ова»-ны тастап, оның орнына «ұғлы», «қызы» деп жазудың ыңғайсыздығын айтып, мұндай орында үлкен әке яки бабаның аяғына еш нәрсе қосылмай-ақ жазылса, қалай болар деген пікірді көрсеткен еді. Сонан кейін басқармаға бұл туралы мына кісілер өз пікірлерін жазып отыр.

1. К.С. «ов» орнына «и», «ова» орнына «ие» жазу тиіс. Мысалы, Әлихан Бөкейхани, Назифа Құлжание. Өз әкесін жазғанда «ұғлы», «қызы» деген сөздер жазылар.

2. Жармұхамед Болатұғлы жоғарғы пікірде. Бірақ «и» мен «ие»-ні арабша, жат тіл десек, түрікше «лу», «ли» дегенді алу лайық болмас па? Мысалы, Әлихан Бөкейханлу, Назифа Құлжанли.

3. Желкек. «ов» пен «ова»-ны қалдыру тиіс. Еркек, әйелді айыру үшін біреуінің аяғына ешнәрсе қоспай айтармыз. Назифа Құлжан секілді. Екіншісінің аяғына «и»-ді жалғармыз. Әлихан Бөкейхани секілді.

4. Нығметолла Күзембаев. Әкені жазғанда «ұлы» (ұғлы емес) «қызы» деу керек. Үлкен әкені яки бабаны жазғанда аяғына еш нәрсе қоспау лайық.

5. Кенжеғали Абдуллаұғлы. «ов» орныны «дан», «нан»-ды жалғау керек . Мысалы Әлихан Нұрмұхаммедұғлы Бөкейханнан, «ова»-ның орнына, еркектен айыру үшін, «ның», «дың»-ды қосу тиіс. Мысалы , Назифа Сағызбайқызы Құлжанның.

6. Ыдырыс Оразалыұғлы. Ал енді үлкен ата жазылғанда « ұғлы», «қызы» деп жазу тиіс. Ал енді үлкен ата яки баба жазылғанда олардың аяғына еш нәрсе жалғаудың қажеті жоқ. Қазақтың тілінде түбінде еркек пен ұрғашы айырылмағандықтан мұнда да оның керегі жоқ. Біреудің еркек, ұрғашылығы өз атынан-ақ білінеді.

7. Әлихан Ыдырыс Оразалыұғлының пікірін мақұлдайды.»

Сол заманнан бері бүгінге дейін бұл мәселе біраз талқылаудан өтіп, күрмеуі енді шешіліп келеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастауымен, Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұжымы «Тегіңді түзеу – тектілік» атты жеке құжаттарды ұлттық негізде рәсімдеу акциясына бел шешіп кірісіп, белсене араласты. Бұл игі шара қазақтығымызды тағы бір танытып, мәртебемізді асқақтатып, рухани жаңғыруымыздың бір көрінісі болды.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, тегінді түзеу - тектілік
Авторы: Айбек Қали

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

48

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізуді үйрету кластары өтті

92

ақпарат

СЛАВЯН ЖАЗУЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

154

ақпарат

Емле ережелерін түсіндіру маңызды