Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Білікті мамандар даярлау курсы басталды

28.3.2019 318

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 2-3 сәуір күндері Шымкент қаласында және 4-5 сәуірде Түркістан қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін республикалық дәріс-семинар ұйымдастырады.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,графикасы мен құрамы,әріп-фонема арақатынасы,қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері қатысады.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

48

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізуді үйрету кластары өтті

92

ақпарат

СЛАВЯН ЖАЗУЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

154

ақпарат

Емле ережелерін түсіндіру маңызды