Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін оқыту басталды

26.3.2019 452

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін республикалық оқыту басталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Бораш: Қазақ жазуының бүгіні мен болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыстардың мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы рөлі айрықша екендігін, республика көлемінде жаңа графикамен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле нормаларының ғылыми негізін түсінген, таныған және оны өзгеге түсіндіре алатын білікті мамандар даярлау шаралары қолға алынып жатқандығын айта келе ,қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал, сөз кезегінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін уақытша атқарушы Ербол Тілеш курсқа жиналған тыңдаушыларға: «Жаңа жазуды меңгеру барысында әрбір адамның алдында, ең алдымен, барынша жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны белгілі. Сол себепті жаңа емлеге сәйкес түзілген тапсырмалар жүйесі, негізінен, жазылым және оқылым дағдыларын меңгертуге бағытталады. Жазылым тапсырмалары қолдағды қалыптастыра отырып, емле ережелерін меңгертуге көмектессе, оқылым тапсырмалары көздағды қалыптастыру арқылы қармап оқуға баулиды. Сонымен қатар оқылым тапсырмалары орфоэпия заңдылықтарын меңгерту мақсатын көздейді»- деп шараның маңыздылығына тоқталды.

Курс барысында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының Орфография басқарма басшысы Анар Фазылжанова: «Ұлттық сананы жаңғыртудағы жазудың рөлі» және «Ауызша тіл мен жазбаша тілдің арақатынасы» тақырыбында дәріс оқып, қатынасушылармен жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Сондай-ақ, келесі сабақтарда курсқа қатынасушыларға жаңа қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы, төл және кірме, бірге және бөлек, күрделі және қысқарған сөздердің, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шеттілдік сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы, жаңа әліпбиді меңгертудегі жаңа IT жобалар туралы ауқымды ақпарат беріледі.

Республиканың түпкір-түпкірінен келген оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері курс барысында жан-жақты білім алады және жергілікті жерлерде емле ережеге сай ересектерді оқыта алатын дәрежеге ие болады деген сенімдеміз.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

48

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізуді үйрету кластары өтті

91

ақпарат

СЛАВЯН ЖАЗУЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

154

ақпарат

Емле ережелерін түсіндіру маңызды