Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Талдықорғанда оқытушыларға дәріс-семинарлар өткізілуде

14.3.2019 639
Бүгін Талдықорған қаласында«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық шара аясында дәріс өтті.

Шараны Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев ашып берді.

Тыңдаушылар алдында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпаратпен кеңінен таныстырды.

«Қазақ жазуын латын графикасына көшіру, ең алдымен, ұлттық бірегейлікті қалыптастырады. Халық үшін жазу ұлттық мәдениет пен бірегейлікті танытатын маңызды элемент екендігін тарих дәлелдеді. Түркияның тәжірибесі көрсеткендей, жазуды ауыстыру бірегейлікті қалыптасттыруда шешуші рөлге ие. Сондықтан жаңа ұлттық әліпбиге негізделген жаңаграфика ескіліктің кері әсері мен кеңестік отаршылдық салдарынан арылуға, тәуелсіз елдің «бостан санасының», заманауи жаңаша ойлау жүйесінің берік орнығуына негіз болары сөзсіз»- деп Анар Фазылжанова ойын түйіндеді.

Дәріске өңірдің әр аудандарынан келген 150-ден аса аудандық тілдерді дамыту жөніндегі бөлім басшылары, оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлеріқатысты.

Сондай-ақ бүгін екі күндік«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық шарасы аясындағы семинар басталды. Оны республикамызға танымалАхмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәли, Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова, Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандитаты ЖанарЖұмабаева, Фонетика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандитаты Айсәуле Аманбаева жүргізуде.


Тегтер: Тіл-қазына, латиница, графика, емле, ереже, сынақ, сынама, сауалнама, ақпарат-насихааттық топ
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

97

ақпарат

Алматыда семинар-кеңес өтті

51

ақпарат

БАҚ кеңістігіндегі терминдер талқыланады

41

ақпарат

Терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланады