Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Байқауға қатысыңыз!

14.3.2019 1150
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тың идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау. Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне ықпал ету. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуге жағдай жасау, инновациялық жобалардың санын арттыру, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Байқауға қатысатын жобалардың атауы (жобалардың толық техникалық сипаттамасы, өтінім беру үлгісі және ережесі хабарландырудың төменгі жағында берілді):

1) Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу.

2) Мемлекеттік тілді үйретуге, насихаттауға арналған өнімдер дайындау және ұсыну.

Жобаға байланысты бағалық ұсынысты, өтінімді және пилоттық нұсқаны көрсетілген мекенжайға тікелей алып келулеріңізге немесе пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу бойынша байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2019 жылдың 22 сәуірі сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Мемлекеттік тілді үйретуге, насихаттауға арналған өнімдер дайындау және ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау: 2019 жылдың 22 сәуірі сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Байқауды ұйымдастырушыға келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:

-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;

-Байқауға байланысты бағалық ұсыныс;

-Пилоттық нұсқасы (бейнероликтер бойынша байқауға қатысқан жағдайда);

-Толық толтырылған өтінім.

Сараптамалық кеңестің отырысы 2019 жылдың 23 сәуірі сағат 16.00-де «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның конференц-залында өтеді (Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, 2-қабат) (Байқауға қатысушылар кеңес отырысына кіргізілмейді).

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33 (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы), 8 (7172) 27-30-43 (Редакциялық-баспа басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.


Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word)

Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеудің тұжырымдамасы (word)

Мемлекеттік тілді үйретуге, насихаттауға арналған өнімдер дайындау және ұсынудың ережесі (word)

Өтінім беру үлгісі (word)

Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, Латын әліпбиі. Байқау
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

93

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізуді үйрету кластары өтті

133

ақпарат

СЛАВЯН ЖАЗУЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

190

ақпарат

Емле ережелерін түсіндіру маңызды