Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа емле

18.1.2019 1371
Қазақ елінің тәуелсіз ұлттық жазуына бағытталған жаңа Емле ережелері жарыққа шығып, таныстырылып отыр. Бұны дәл қазіргі бастан кешіп отырған тарихи кезеңдегі маңызы зор айрықша сәт деуге болады.

Емле жарыққа шыққаннан кейін, әрине, ел көкейінде оны құрастырған кімдер, қайда, қалай, қашан құрастырды, бұрынғы емледен айырмашылығы мен артықшылығы неде деген сан түрлі сауалдар болатыны анық. Барлығымызға белгілі, кез-келген тілде емле ережелері қалың жұртшылыққа бірдей ортақ болуы шарт. Егер емледе бірізділік сақталмаса қиындық пен ала-құлалық орын алатыны мәлім. Бұл жаңа Емлеге дейін де жазба тіліміздің нормаланған жүйесі, жазылымдағы тұрақтанған өзіндік қағидалары болды. Сондықтан жаңа Емленің басым бөлігінде дәстүрлі жазу нормасы сақталды деп айта аламыз.

Жаңа Емлені құрастыру барысындағы ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып, Емленің толыққанды дайын болып шығуына ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды. Ал Емле ережелерін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары құрастырып шықты. Бұл Емле жарияланғанға дейін бірнеше талқылаудан, сараптаудан, сұрыптаудан және сынамадан өтіп, халыққа ұсынылып отыр. Жаңа әліпби ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарын сақтауға үлкен жол ашқаны анық. Әрине, әліпби ауыстырғанда жазуға реформа жасалады, сондықтан да емледегі өзгерістер қалың жұртшылыққа бірдей ұнауы да, ұнамауы да, түрлі сын, пікірлердің орын алуы да мүмкін. Жетпіс жыл бойы, әсіресе шеттілдік сөздерді орыс орфографиясымен таңбалап, орыс орфоэпиясымен айтып үйреніп қалған халық үшін оларды «сындырудың» Емледегі үлгілері өрескел болып қабылдануы да заңдылық. Жалпы әлемдік тәжірибе бойынша Емле ережелерін халықпен санаспай-ақ, арнайы құрылған топ мүшелері мен тіл мамандары дайындайды да, заң түрінде қолданысқа ендіреді. Халық соған бағынады. Ал біздегі артықшылық Емле ережесі қоғамдық талқылаудан, сарапшылар сұрыптауынан өтіп барып мақұлданып отыр. Ең бастысы – тәуелсіз елдің, тәуелсіз жазуына жасалған алғашқы қадам құтты болсын!

Авторы: Гүлфар Мамырбек Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық топтың мүшесі

Тегтер: қазақ тілі, латын, Тіл-Қазына, емле, Астана
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

54

ақпарат

Ахмет Байтұрсынұлы

83

ақпарат

​«Бірге түзетейік!» байқауы

58

ақпарат

Тренерлерге дәріс-семинар өтеді