​Елбасы жылды қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен дәстүрлі кездесуінде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды түйіндеп, журналистердің сұрақтарына жауап бе...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

31 желтоқсан, 2018

Экономика өсімі 5 пайыздан жоғары

Мемлекет басшысы журналистермен кездесудегі кіріспе сөзінде өткен жылдың өте мазмұнды, өте қарқынды болғандығына тоқталды. Елбасы 2018 жылғы ең айтулы оқиғалардың басында айшықты Астананың 20 жылдық мерейтойы тұрғанын атап өтті. Осыдан 20 жыл бұрын Сарыарқаның төсіндегі жазық далада жаңадан қала салу шешімі қалай қабылданғанын, шаһардың содан бергі даму жолын жан-жақты баяндап берді. Президент Астана үлгісімен еліміздің өзге қалалары да түрленіп, инфрақұрылымдары жаңарып, бүгінде адам танымастай өзгергенін атап айтты.

– Барлығы Астанаға қарап бой түзейді. Ендігі уақытта дəл осы тенденция аудандарға, шағын қалаларға тарауда. Жақсы бір істің үлгісі дегеніміз осы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай барлық өңірлер елордада нысандар салғанын атап өтті. Оның ішінде, Атырау облысының Есілдің үстінен салған бекіре балығы пішіндес жаяу жүргіншілер көпірінің халықтың көзайымына айналғандығына ерекше тоқталды.Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы еліміздің сыртқы саясаттағы батыл қадамдары да жемісін берді. Жыл басталысымен АҚШ-қа сапарлаған Елбасы 12 ай бойына əлемдік жəне өңірлік маңызға ие халықаралық шараларға белсене қатысып, тың бастамалар көтерді. Ал ел ішінде Əлемдік жəне дəстүрлі дін дер көшбасшыларының съезі, Каспий самм иті өте табысты өткендігіне күл лі əлем куə. Оның бер жағында əлемдік сауда соғыстарына қарамастан, экономиканың өсімі төрт пайыздан асып түсті, инфляция 5-7 пайыздық шектен шыққан жоқ, алтын-валюта қорының көлемі 88 млрд АҚШ долларынан асты. – 550 мың адам жоғары жалақы тө ленетін жұмыс орнын тапты. Толықтай алғанда, экономиканы қалыпты деп санау ға болады. Үкімет өңірлер, атқарушы би лік жасау керек дүниенің барлығын жасады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана қалай таңдалды?

Кездесу барысында «Egemen Qazaqstan» басшысы Дархан Қыдырəлінің бүгінде əлемге бейбітшіліктің, достықтың, татулықтың символы ретінде танылған Астана қаласының тарихына қатысты сұрағына жауап бере келе Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа елордасын таңдаудың астарындағы ұлттық мүддемен астасқан мəселелерді атап өтті.

– Елорданы таңдаудың терең саяси астарын түсінетін уақыт келді. Əрине бастапқыда біз оны айта алмадық. Жағдай əртүрлі болды. Елдің ішінде жұрты– мыздың өзі бірыңғай емес, əр тараптан болды. Соның бəрін ескердік. Екінші жағынан қиын-қыстау жағдайда елге жаңа жол сілтеу үшін осындай бір жаңалық керек болды. Əрине ол кез өте қиын еді. «Кедей болсаң, көшіп көр» деген бар. Ал астананы көшіру одан да қиын. Бір қаланы салып, астананы бір жерден екінші жерге көшіру өте күрделі іс. Соның барлығын ойлай келе, бұрынғы астаналардың көшу тарихына үңіліп, ғылыми тұрғыдан келгенде астана елдің қай жерінде болуы керек деген мəселелерді қарадық.

Қазақстанның дəл кіндік ортасы – Жезқазған. Жезқазғанға да, Ұлытауға да бардым. Жол да, теміржол да жоқ. Энергетика да жоқ. 20 жыл Теміртауда жұмыс істедім. Қарағандыны жақсы білемін. Көмірдің ортасына, экологиясы қиын жерге апару қиын болды. Көкшетауға барсақ, шетке шығып кетеміз, Ақтөбеге барсақ батысқа кетіп қаламыз. Сондықтан ойланып-толғанып тоғыз жолдың торабы ретінде Ақмоланы таңдадық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент осылай дейкеле, Астананы көшірудің ұтымды тұстарын атап өтті. – Қазір Астананың 1 млн 200 мың халқы бар. 2030 жылдарға қарай халық сан ы 2 млн болатын шығар. Басында Вашингтон сияқты үйлері 5-8 қабаттан тұратын қала салсам ба деп ойлап едім. Мына кең далада биігірек болмаса көрінбей қалады деп, сəулетшілер бой бермеді. Бүгінде биіктігі 230 метрлік «Əбу Даби Плаза» кешені салынып жатыр. Бұл посткеңестік елдердегі ең биік ғимарат болады. Мəдениет ошақтары бар, білім ошақтары бар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Қазір астаналық тұрғын үшін барлығы бар. Сондықтан ешқандай Париж, Берлинге барудың қажеті жоқ. Барлық керекті нəрсе осында бар. Тек жұмыс істеп, ақша тауып, өмір сүру керек. Астанамызды көркейте беру қажет, – деді Президент.

Әріптестік байланыс нығая береді

Елбасының журналистерге сұхбаты бұдан əрі сыртқы саясатқа қарай ойысты.Оның ішінде 2018 жылдың басындағы Америка Құрама Штаттарына ресми сапары, Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуі, Қазақстан мен АҚШ қарымқатынастары жөнінде Елбасы кеңінен əңгімелеп берді. – Америка – Қазақстанның ірі инвесторы. Осыған дейін 40 млрд АҚШ долларын салды. Ортақ инвестиция 300 млрд десек, бəлкім осы жылы АҚШ инвестициясының мөлшері 50 млрд долларға тақап қалуы керек. АҚШ президенті де мұның бəрін жақсы біліп отыр. Бізде энергетикалық ынтымақтастық бар. Экстремизмге қарсы күресте де біз əрдайым тіл табысып келеміз, – дейкеле Елбасы сол кездесу барысында ірі компаниялармен құны 7 млрд доллардың 20 құжатына қол қойылғанын атап өтті. Журналистермен сұхбат барысында Елбасы Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциясына ерекше тоқталды. Кеңес одағыыдыраған соң əрқайсысы өз жолын таңдаған бауырлас мемлекеттердің ынтымағына Қазақстан тарапы ерекше ынта білдіріп келеді. Бұл ретте Орталық Азияның екі алыбы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар соңғы аталған мемлекет басшылығына Шавкат Мирзиёев келгелі ерекше қарқын ала бастаған. Сауда жанданып, алыс-беріс, барыскеліс күшейе түскен. Бір ғана мысал , бұрындары 1 млрд АҚШ долларына жетпейтін сауда айналымы тек былтырдың өзінде 3 млрд доллардан асқан. Елбасының айтуынша, таяу болашақта Қазақстан – Қытай шекарасындағы Қорғас кешенінің үлгісімен қазақ – өзбек шекарасында жаңа қала пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері Орталық Азия елдері президенттерімен кездесулер жиі өте бастағанын тілге тиек етті.

Өндірісті дамыту – заман талабы

Нұрсұлтан Назарбаев шағын жəне орта бизнеске байланысты шаралардың алдағы уақытта да белсенді жалғасатынын айтты. Сонымен қатар ендігі кезекте бəсекеге қабілетті сапалы кəсіпорындардың санын көбейту керектігіне баса тоқталды.

– Бізге қырық мың адам жұмыс істейтін үлкен комбинаттардың қажеті жоқ. Бізге орта жəне шағын кəсіпорындар керек, егер онда 50 адам жұмыс істесе, бұл – өте жақсы нəрсе. Сондықтан біз бұл жұмысты əрі қарай белсенді түрде жалғастырамыз. Бірақ жұмыстың сапасы өзгеретін болады, бұрын кəсіпорын–дардың неғұрлым көп болғанын жөн көретінбіз. Ал енді бізде бəсекеге қабілетті өнім өндіріп, экспортқа жұмыс істейтін сапалы кəсіпорындар керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының пайымдауынша, елімізде жеңіл өнеркəсіпті қалпына келтіріп, ерлер мен əйелдерге арналған отандық киім өндірісін жолға қою керек.

Көрші елдермен қарым-қатынас жоғары деңгейде

Елбасы журналистер сауалына орай, Қазақстан – Қытай қарым-қатынастарына да кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Қытай экспансиясына байланысты үрейдің негізсіздігін нақты дəлелдермен жеткізді.

– Қытай мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Жаппай бізге келіп, қаптап жатқан жоқ. Барлығы заңмен, келіссөзбен бекітілген. Өндіріс салатын болса, мысалы бізде жоқ мамандар – 500 адам келеді, тізім береміз. Зауыт біткен соң, ол 500 адам қайтады. Ол келісілген мəселе, бір адам да қалмайды, – деді Президент. Елбасы экономикасы, технологиялары озық, ортақ шекарамыз 2 мың шақыр–ымнан асатын көршімізбен байланыстың заңдылық екендігін де атап өтті. Президент журналистік сауалдардың ыңғайына байланысты Еуразиялық экономикалық одақпен байланыстыңда жай-күйіне шолу жасады. Алғашқы жылдардағы қиындықтарға қарамастан, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 24,5 пайызға өскенін жəне оның 90 пайызы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттыққа тиесілі екенін атап өтті. Оның ішінде Қазақстан Ресейдің 70-ке жуық өңірімен саудасаттық байланысын орнатқан. Оған қоса, екі елге ортақ кəсіпорындар өте көп. Көлік құрастыру, ауыл шаруашылығы, энергетика салалары бойынша əріптестік нығайып келеді. Мемлекет басшысы былтыр Брюссельде өткен «Азия – Еуропа» форумына 55 мемлекеттің өкілі қатысқан саммитіндегі ұсыныстарының астарына да назар аудартты.

Оның ішінде Ресей мен АҚШ, Еуропа мен Ресей жəне АҚШ пен Еуропа қарым-қатынастарының шиеленісуін не себепті Кариб дағдарысымен салыстырғанын түсіндіріп өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы ұлы державалар адамзат тағдыры үшін əрдайым жауапты екенін назарға алды. – Сондықтан бүгінгі күні АҚШ, Ресей, Қытай жəне Еуропалық одақ, бір алаңда, бəлкім, Астана алаңында барлық көкейкесті мəселелерді талқылау үшін жиналуы керек. Ресей мен Қытай бұған қарсы емес, ендігі кезекте Батыс елдерімен жұмыс жалғасуда, – деді Елбасы. Сондай-ақ Украина мен Ресейдің арасындағы келіссөздерді үшінші тарапты араластырмай, өзара шешу тиімді боларын атап өтті.

Ішкі саясаттағы басымдықтар

Президент еліміздің қаржы саласындағы ахуалына да тоқталып өтті. Елбасының айтуынша, қазір Қазақстандағы қар жы жүйесі қанағаттанарлық деңгейде. Бүгінде елімізде жұмыс істеп тұрған 28 банктің тең жартысында шетелдік капиталдың қатысы бар. Халықтың салымдарының мұрты бұзылмай сақталуына мемлекеттік кепілдік жалғаса бермек. Ал руханият мəселесіне байланысты күллі түркі жұрты қастерлейтін Түркістан қаласының мəртебесі биіктеп, облыс орталығына айналуы оқиғасын да Елбасы кеңінен əңгімеледі. Болашақта аталған өңір еліміздің туризм саласындағы көшбасшы болмақ. Президенттің айтуынша, Түркістанда Қазақстанның тарихи жəдігерлері жинақталып, əуежай мен теміржол вокзалы жөнделсе, қала қарқынды дами түспек.Бұл ретте халықтың өсімі мен көші-қонның реті ескеріле отыра, миллион тұрғыны бар қалалардың санын көбейтуге басымдық берілмек. – Бізге миллион адам тұратын қалалар керек. Миллион тұрғыны бар қалада ғылым да, мəдениет те, білім де дамиды. Бүкіл əлемде солай. Келешекте əлемде ірі 600 қала мегаполис болады да, негізгі бəсеке солардың арасында өрбиді деп айтылып жатыр. Адамдар сондай қалаларда өмір сүргісі келетін болады. Сондай қалаларды көбейту керек. Тəуелсіздік алғалы бері сондай миллион тұрғыны бар үш қаламыз бар. Ендігісі Ақтөбе, мүмкін Қарағанды болады. Урбанизация қарқын ды жүріп жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы ел ішін желдей кезген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы енгізіледі-мыс деген əңгімелерге байланысты да нақты пікір білдірді. – Бірыңғай валютаға келер болсам, бұл тақырыпта ешкім де байыпты сөз қозғаған емес жəне біз ешқандай да келіс сөздер жүргізген емеспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы біреулердің еуро сияқты ортақ валютаны қалайтындығын, бірақ ол үшін одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы бір деңгейде болуы керектігін баса айтты.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту

Мемлекет басшысы сөз орайы келгенде елімізде туризмді дамытуға басымдық берілетіндігін жəне бұл сала соңғы жылдары жандана түскендігін, оған қоса əуелгі кезекте дамытылуы тиіс 10 нысанның таңдап алынғанын айтты. Тұрғынд арды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарла маларға да тоқталып өтті.

– Ипотека бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» танымал, бұл жұмыстар жалғасып келеді. Одан бөлек, аз қамтылған жандарға, мүгедектерге, өзге де осал топтарға арналған несиелік үйлер салып жатырмыз. «Нұрлы жер» бойынша көптеген жеке үйлер мен көпқабатты пəтерлер салуға болады. Соңғы қабылданған бағдарлама – «7-20-25». Бұған дейін баспананың жарты құнын банкке төлеу қажет еді. Қазір 20 пайыз жеткілікті, ставкасы – 7%. Ұлттық банкте бұл көрсеткіш – 12,5%. Яғни қалған 5,5%-ын мемлекет өз мойнына алып, банктерге өтейді. Егер пəтер 10 млн теңгеге бағаланса, 25 жылда ай сайын 50 мың теңге төлеп алуға болады, – деді Президент. Елбасы, сонымен қатар 2018 жылдың тағы бір айтулы оқиғасы – Президенттің бес əлеуметтік бастамасының мəн-мазмұнына тоқталып өтті.

Ел газеті – «Егеменнің» үлгісі

Елбасы сұхбат барысындағы сауалдардың біріне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттері халық қа, мəдениетке, тарихқа баса көңіл бөлу мəселесі екенін айта келіп, былтырдан бері тұтас бір бетін латын қарпімен бере бастаған «Egemen Qazaqstan» газетін оқуға шақырды.

– Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. «Egemen Qazaqstan»-ның бір бетін оқи беріңдер. Көздерің əріптерге үйрене берсін, – деді Президент. Мемлекет басшысы, сондай-ақ қазірден бастап Тəуелсіздіктің 30 жылдығына əзірлену керектігін айтты.– Біз қазірден бастап Тəуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде сəйкес тапсырмалар беремін. Атап айтқанда, 30 жылдық қарсаңында барлық өңірлерді дамытуды қолға алу қажет. Кей өңірде ауызсу жоқ, кей өңірде коммуналдық шаруашылық ескірген, кей аймақтың ішкі жолдары нашар. Əр облыстың кемшін тұстарын анықтап, Жол картасымен қаражат бөлу керек. Яғни Тəуелсіздіктің 30 жылдығын əдемі қалалармен жəне орталықтармен қарсы алуымыз керек. Міне, осындай бағдарламаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жастарға сенім білдірді

Мемлекет басшысының сұхбатында білім мен медицина сапасын көтеру, құқық қорғау саласын реформалау, төл тарихы– мыздың тереңіне үңілу, елдегі діни ахуал, биылға белгіленген Жастар жылын өткізу мəселесі де қамтылмай қалмады.

– Ендігі жылды Жастар жылы деп жарияладық. Ол турасында арнайы бағдарлама қабылдау керек. Жастарға не керек – бірінші білім, екіншіден үйленетін болса, үй-жай қажет. Жағдай жасалып, жұмыс берілуі тиіс. Төрт нəрсе. Содан кейін бізде «Ауыл – ел бесігі», «Жасыл ел» бағдарламалары бар. Оларға арнайы жағдай жасап, жастардың қабілетін көтеруіміз керек. Жастар бүгінгі жасалып жатқан шаруаны, Қазақстанның Тəуелсіздігін қадірлейтін болады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы балабақша, мектептен бастап патриоттық тəрбие керектігін айтты.

– Білім бойынша аз шаруа жасалған жоқ. Тəуелсіздік алған жылдан бері 1500 мектеп салынған. Балабақшамен қамтуды 36-дан 95 пайызға дейін жеткіздік. Бұл – өте үлкен жетістік. Дəл сол жерден баланың білім жолы басталады.

Сондықтан Жастар жылы бəріміз бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Ендігі жылдың басында сол мəселе жөнінде жиналыс болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент биыл бағасы арзан əуе тасымалының ұйымдастырылатынын да айтты. Оған қоса, елдегі соңғы кадрл ық ауыс-түйістерге байланысты да түсін ік бе ріп өтті. Мемлекет басшысы журналистердің сауалдарына орай ел ішінде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді деген қаңқуларға да нүкте қойды.– Елімізде жаңа ғимараттар салынып, аулалар абаттандырылса барлығы сайлауды күтеді. Парламент бойынша еш өзгеріс жоқ. Келесі Президент сайлауы 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған, – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Сөз соңында Президент өзімен екі сағат тілдескен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Дайындаған Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»


Баға беріңіз