Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

16.12.2018 564
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды және барша Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті тәуел­сіздіктің 27 жылы ішінде мемле­кетіміз өзінің даму жолында зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

– Бұл – қыран құстай еркін­дікке ұмтылған халқымыздың ғасыр­лар бойғы асыл арманы орындалған күн. Тәуелсіздік – жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандық үшін аса қадірлі, айрықша ардақты ұғым.

«Адам бақытты өмір сүруі үшін, оның тәуелсіз Отаны болуы қажет» деген даналық сөз бар. Бүкіл халқымыз ақсарбас айтып, егемендік байрағын көкте желбіреткеніне, міне, 27 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақ­стан тамырын тереңге жа­йып, өрісін кеңейтіп, кемелдене түсті. Сынағы көп сындар­лы кезеңнен сүрінбей өтіп, мәрте­бесі биік, тұғыры берік, мерейлі мем­ле­кетке айналдық, – деді Елба­сы.

Бұдан әрі Елбасы егемен еліміздің құрылу тарихында Қазақстанның жас астанасы­ның маңызды рөл атқарғанына айрықша тоқталып:

– Еуразияның жүрегінде орна­ласқан жаңа елорда жаңғырған Қазақстанның символы саналады. Биыл Астанамыздың 20 жылдығын еліміздің барлық өңі­рімен бірге жоғары деңгейде атап өттік. Бұл мерейтойға елі­міз­дің барлық өңірлері атсалысып, шаһарымыздың көркейе түсуіне зор үлес қосты, – деді.

Сонымен қатар осынау жыл­дар ішінде татулық пен келі­сімді басты ұстаным еткен сындарлы саясаттың арқасында Қазақ­станның ынтымақ-бірлігі жарасқан елге айналып, әлем елдері алдында беделі арта түс­кенін атап өтті.

ХХІ ғасырдың екінші он­жыл­дығында Қазақстан жаңа белес­терді бағындыруға кі­ріс­ті. Биылғы қаңтар айында Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесіне төрағалық етуі­міз – соның айқын дәлелі. Қазақ­­стан екі жыл бойы осы Кең­ес­­­тің тұрақты емес мүше­сі­­нің мәр­те­белі миссиясын атқа­рып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақ­станда жүргізілген ауқымды на­рық­тық реформалар миллионнан астам азаматтарымыздың кәсіп­кер­лік қабілеттерін эконо­ми­каға жұмылдыруға жол аш­қанын айтты.

– Экономиканы жүйелі индус­трияландыру өңдеу өнеркәсібі­нің үлесін айтарлықтай арттыру­ға септігін тигізді. Бүгінде мұн­дағы өнім көлемі шамамен 9,5 трил­лион теңгені құрап отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Елбасы көлік-логис­тика инфрақұрылымына тар­тылған инвестицияның арқа­сында Қазақстан құрлықтық ма­ңызы бар транзиттік хабқа ай­нал­ғанын атап өтті. Бұдан соң тәуелсіздік жылдары табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен тө­мен тұрғындар саны 15 есе аза­йып, ал нақты еңбекақы 4 есе артқанын айтты.

– Егемен Қазақстанның бас­ты жетістіктерінің бірі – хал­қы­мыздың саны 18 миллионнан асып, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетуі. Осы маңыз­ды жеңістеріміз бен игі нәтиже­лері­міз біз таңдаған бағыттың дұрыс екенін растап отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Еліміздің орнықты дамуы жолында жүзеге асырылып жат­қан мемлекеттік бағдарламалар мен тың бастамаларға тоқталған Елбасы экономиканы жаңғыр­туға бағытталған цифрландыру про­цесі қарқынды жүріп жат­қанын, халықтың әл-ауқатын жақ­­сар­туды көздейтін «Бес әлеу­мет­тік бастама» еліміздің дамуы­на оң серпін бергенін атап өтті.

– Биылғы қазан айындағы Жол­­дауым азаматтарымыздың тұр­­мыс сапасын арттыру мә­се­ле­сіне арналды. Жаһандық бә­се­ке­­ге қабі­леттілікті қамта­ма­­сыз ете­­­тін экономикалық өсім­­­нің өз­ге­ше мо­делін құруға қадам бас­тық. Қазіргі таңда ұлттық сана­­­ның жаңаруына тікелей ықпал ете­тін Үшінші жаңғырудың мәні зор.

Жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­лам­да әлемдік өркениетке қос­қан үлесімізді кеңінен атап көр­сет­тім, – деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті 2018 жы­лы еліміздің сыртқы саясат­та да, жаңғыру бағдарлама­ларын іс­ке асыру аясында да қол жет­­­­кіз­­ген басты жетістік­тері­не тоқталды.

– Біздің жауапты әрі сындарлы сыртқы саясатымыз әлем­дік аренадағы өз орнымыз­ды ай­тар­лықтай нықтай түсуге мүм­кіндік берді. Қазақстан­ның жеміс­ті бітім­гер­лік қызметі Ас­тана­дағы Сирия­аралық келіс­сөз­дердің нәти­желі болуына сеп­тігін тигізді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назар­баев «Астана» халықара­лық қар­жы орталығын, «Астана хаб» ІТ-стар­таптардың халықаралық тех­­но­паркін және «Жасыл» техно­л­о­гия­­лар мен инвестициялық жо­ба­­лар­дың халықаралық орта­лы­ғын іске қосу жөніндегі жұ­мыс­­т­а­рдың нәтижелеріне назар аударды.

– Қоғамдағы бірлік пен келі­сім біздің барлық жетістігіміздің бас­тауында тұрғанын әрдайым есте ұстауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық даму­дың қазақстандық моделі бүгінде халықаралық брендке айналды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз­дегі кейінгі бастамалардың бәрі тұр­­ғындарымыздың тұрмыс сапа­­сын жақсартуға, қоғамдық қауіп­сіздікті жоғары деңгейде қам­тамасыз етуге және әл-ауқа­ты­мызды арттыруға бағыттал­ғанын атап өтті.

– Әлеуметтік саланы кешен­ді жаң­ғырту – біздің маңызды бағы­ты­мыз. Тәуелсіздік жылдары мил­лионға жуық азаматымыз басп­а­налы болды. Біз жуырдағы 5 жыл ішінде 70 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй сала­мыз. Бұл шамамен тағы екі мил­лионға жуық қазақстандық баспаналы болады деген сөз, – деді Елбасы.

Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз ел тұрғын­дары­­ның қазіргі буыны уақыт тала­бына сай болып, Қазақ­стан­дағы әрбір отбасының игілігі мен берекесін нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.


Тегтер: Тәуелсіздік, Елбасы, мемлекет, мереке
Авторы: Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

42

ақпарат

Кәкен Қамзин: Көркем тіл компьютерлік технологияға есе жібере қоймас

62

ақпарат

Низами Мамедов: «Қобыланды» жырын он бес жыл аудардым

102

ақпарат

Алматы қаласында"Тіл шебері 2019"қалалық конкурсы өз мәресіне жетті!