Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттерері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» 2018 жылғы 3...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қараша, 2018

Семинар-кеңес латын графикасына негізделген жаңа емле ережелеріндегі шет тілінен енген сөздердің емлесіне қатысты ұсыныс-пікірлерді саралау, терминдерді бейімдеу кезінде кездесетін қиындықтарды анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері бекітілгеннен кейін орфография және терминологиялық жұмыс тобының жұмысы жанданып, жаңа емлені меңгерту процесін ұйымдастыру шаралары қолға алынатыны белгілі. Осыған орай республикаға белгілі әдіскер-ғалымдардың, өңірлердегі тілдерді оқытуорталықтары мамандарының жаңа емлені оқытудың алғышарттары жөніндегі теориялық және практикалық ой-пікірлері мен тұжырымдары талданады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық және терминологиялық жұмыс топтарының мүшелері, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Сүлейман Демирел университетінің, Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, республикалық оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, БАҚ өкілдері қатысты.


Баға беріңіз