Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018 453
Бүгін - қазақ-қыр­ғыздың ортақ халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың туған күні.

Белгілі жазушы 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз, Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылында дүниеге келген.

Оның «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды.

Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты.

Тегтер: Шыңғыс Айтматов, қырғыз жазушысы, Қош бол, Гүлсары, Алғашқы ұстаз
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

48

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізуді үйрету кластары өтті

91

ақпарат

СЛАВЯН ЖАЗУЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

154

ақпарат

Емле ережелерін түсіндіру маңызды