Алқа мәжілісі өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 желтоқсан, 2018

Сәрсенбіде Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған алқа мүшелері, басқарма басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты. Мәжіліс барысында аталмыш басқармалардың 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2019 жылғы міндеттері талқыланды.

Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары тіл саясаты саласындағы жетістіктеріне тоқталып, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жоспарын жүзеге асыру, қазақ тілін жаңа графикада оқыту, мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру, көрнекі ақпараттар пен аншлагтарды орналастыру тәртібін сақтау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.



Баға беріңіз