Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Алтын домбыра" кімге бұйырады?

5.12.2018 110
​Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналған «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Дәстүрлі дода биыл жетінші мәрте өткізілгелі отыр.

«Алтын домбыра» айтысын алқалы қауым асыға күтеді. Жыл соңына қарай басты додаға түсетіндер де тас-түйін дайын­дала бастайды. Биыл жыр жәр­мең­кесі бас қала Астанада өтеді. Қатысу­шылардың ішінде жыл бойы өткен айтыстарда оза шапқан мықты­лардың бәрі бар. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек және Серік Қуанған айтыстың сәнін келтіріп, мәнді сөздерімен тартысқа түседі.

Тізгін әдеттегідей Айтыс ақындары мен жыр-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерманда. Тәуелсіздік тойының шымыл­дығын астаналық тұрғындар мен қала қонақтарының айтыспен ашуына мүм­кін­дік бар. Өтетін күні – 16-17 желтоқ­сан. Екі күнге созылатын аламан сағат 15.00-де басталады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Алтын домбыра» алты рет өтті. Әр жылдарда Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Жандарбек екі реттен бас жүлдені қанжы­ға­­­ласа, Аспанбек Аспанбек пен Балғын­бек Имашевтың еншісінде бір-бір «Алтын домбыра» бар. Мұхтар 2012 және 2016 жылы жеңімпаз болса, Жандарбек 2013 және 2017 жылы үздік атанды. Балғынбек – 2014 жылы, Аспанбек 2015 жылы оза шапты. Биылғы бәсеке де тартысқа толы болмақ. Өйткені қатысушы­лардың барлығы дерлік жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Бас бәйгені үш рет иемденген айтыскерге алтын домбыра сыйға беріледі. Әзірге сайыс тарихында үш мәрте жеңімпаз шыға қойған жоқ.

Тегтер: Айтыс, төл өнер, ақындар айтысы, Астана 20 жыл
Авторы: Айша ЕРСҰЛТАН

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

10 0

ақпарат

​«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

70 0

ақпарат

Халықаралық терминдердің лингвистикалық мәртебесі

63 0

ақпарат

Жазушы қауымға артылған үлкен жүк