«Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттері» семинар-кеңесі өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қараша, 2018

Бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа емле ережелеріндегі шет тілінен енген сөздердің емлесіне қатысты ұсыныс-пікірлерді саралау, терминдерді бейімдеу кезінде кездесетін қиындықтарды анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету. Осы мақсатты орындау үшін орфографиялық және терминологиялық жұмыс тобының мүшелері кездесіп, ортақ ғылыми қағидаттарды анықтайды. Олар жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінде көрініс табады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық және терминологиялық жұмыс топтарының мүшелері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Сүлеймен Демирель университеті, Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысып, ой-пікірлерін білдірді.



Баға беріңіз