Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Елбасы мақаласы 9 тілге аударылды

27.11.2018 89
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әлемнің 9 тіліне аударылды. Бұл туралы Астанада өткен Nur Otan Talks алаңы барысында Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

«Мақаланы аударумен айналысып жатқандардың бәрі – өзбек, түрік, қырғыз, әзербайжан, моңғол, мажар, корей, жапон елдерінің өкілдері өздері бастамашы болып, өздері аударып отыр. Мұндай құбылыс өте сирек. Себебі бір елдің азаматы өзге мемлекеттің Президентті бастамасын оқып, оны аударып, насихаттауы жиі кездеспейді. Сондықтан Елбасының бұл мақаласына Қазақстанда ғана емес, жалпы Түркі әлемі, Ұлы даладан тамыр тартқан елдер қызығушылық танытып отыр», деді Д.Қыдырәлі.

Түркі академиясы басшысының айтуынша, мақалаға Ұлы даладан тамыр тартқан елдер ғана емес, әлемнің басқа мемлекеттері де қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ мақаланы тәржімалау 9 тілмен шектеліп қалмақ емес. Оны аудары әлі де жалғаса береді.

Жиын барысында Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 9 тілге аударылып басылған нұсқасын Nur Otan Talks алаңын ұйымдастырушыларға сыйға тартты.

Тегтер: Елбасы, мақала, шет тілдері, Қазақстан
Авторы: "Егемен Қазақстан" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

11 0

ақпарат

​«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

70 0

ақпарат

Халықаралық терминдердің лингвистикалық мәртебесі

63 0

ақпарат

Жазушы қауымға артылған үлкен жүк