Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Кітап құны

27.11.2018 79
Жыл сайын шығып жатқан кітаптардың көптігі қуантады. Бірақ солардың ішіндегі тұ­щымды дүниелердің елеусіз қалатыны өкінішті-ақ. Қандай дүние болмасын − оны та­ны­татын насихат. Бізде жақ­­сы дүние екенін айту, жет­кізу жағы кемшін.

Бұған қа­ламгерлердің бірін-бірі мүлде оқымайтыны да себеп. Неге оқымайды? Оқиын десе, ой-пікір айтатын, жазайын десе еңбегі еш, ештеңеге татымайтын болғасын шығар? (Әйтпесе, бір жас әнші бір тойда бірер ән айтқаны үшін пәленбай мың доллар алып жатса, ал романы үшін айтуға ауыз бармайтын бірдеме алатыны есіне түссе, әдебиетті оқуға ықыласы қайдан оя­на қойсын...). Әйтсе де, өз күнін өзі көріп жүрген қалам­герлердің кітаптарының жа­рық көріп жатқанына шүкір­шілік.

* * *

Кейде сауал қойылды: «Қа­зақ әдебиетінде құбылыс болған көркем туындыны атай алас­ыз ба?» дейді. Құбылыс? Бұл тым үлкен ұғым ғой. Әдебиеттегі құбылыс жылда бола беретін кезектегі жай емес, кезеңінде бір, дәуі­рінде бір бой көрсететін сирек оқиға. Әрине, былайғы уа­­­қыт­та әдеби өмірге жылдың та­бысы дейтін ұғым жетіп жа­тады. Бұл тұрғыдан алған­да, қазақ әдебиетінің өзіне ла­йық қарым-қарқынын бай­­қауға болады. Оның бір көрінісі – жылда өтетін әдеби жыл қорытындысы. Баяндамашылар жылдың табысы болар шығармаларды атап жатады. Бірақ ол одан әрмен насихатталмайды да, тез ұмытылады. Оқырман мен сыншылар назарынан да тыс қалады. Жақсының да жел­кенін көтеретін демеу сөз екенін ұмытпайық.

* * *

Не жазылды, қалай жазылды, нені жазуымыз керек секілді шығармашылық са­уалдар тік көтеріліп ортаға салынса, қазақ әдебиетінің абыройын асыратын бағыттардың ай­дыны көрсетілсе, қайда ба­ра жатканымыз бен қалай ба­ра жатқанымыз жайлы ашы­ғын айта алсақ – құп, өйт­­кені қаламгерді қазақ хал­қы­­ның басқа жұртпен қатар өркениетке енуі, толғандыруы тиіс деп ойлаймын. Бұған қа­лам­герлеріміз бірінші лекте жауапт­ы дер едім. Осы орайда Мір­жақып Дулатовтың осыдан жүз жыл бұрын айтқан мына бір сөзі жаңғырақ салады: «...әдебиеті жоқ ха­лықтың дүниеде өмір сүруі, ұлт­тығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ бола­ды. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес». Бір сәт осын­дай ұлыларымыздың ұла­­ғатына да құлақ түріп көкірегімізге қоңырау шалдырып қойғанымыз артық болмас-ау осы деймін.

* * *

Көркем әдебиетке кім де бол­са кейіпкер бола алады. Ал ол тұлға бола ала ма, жоқ басқа бо­ла ма, ол – басты мәселе емес. Мәселе, қаламгердің ке­йіп­керін қалай сомдауында. Қандай тұрғыда, қандай фор­мада, қандай көркемдік дең­гейде кейіптеуінде. Сәтті шық­қан кез келген кейіпкер шығармаға тұлға бола алады. Көркем әдебиетке тұлға бо­лар­лық біздің заманның кейіп­керінің белгілі адресі, маман­дығы жоқ. Оның тұлғасын жасайтын, тұлғаны тірілтетін – қаламгердің қаламы, дарыны. Оны танып-біліп, бағалау оқырманның қалауында.

* * *

Қай кезде де қазақ әде­бие­тінің беделі оның қа­лам­г­ерлерінің беделімен өлшен­ген. Алыптарымыз бар кезде қандай еді, оған ілесе дүркірей шыққан дарындарымыз қан­дай еді. Олардың өнегесі, ісі мен сөзі қандай еді? Олар бір­лікке сызат түсірмеген. Бізге де керегі сол. Абыройы мен бед­елі бәрімізге ортақ.

* * *

Кітап өтпейді, кітап жет­пейді деуші едік, қазір кітап оқылмайды деп кесіп айтатын болдық. Оған бәрі (Автор, баспагер, дүкенші, оқырман) куә. Автор алақанын жайып­ отыр, баспагер шарасыз, дү­кенші алушыға зар, оқыр­ман интернетке кеткен. Сірә, енді қайырылмайды. Кітап. Қасиетті еді, қадір­лі еді. Қолдан түспейтін, көңіл­ден кетпейтін. Сырласуға бо­­латын, сыйға тартылатын. Мұ­ның бәрі бұрынғы күн­нің шындығы. Қазіргі күн­нің шындығы кітабың керек­сіз, бағасы жоқ, басы артық дү­ниеге айналған. Бұрын кітап көп шығатын. Жылдан-жылға таралымы да өсіңкі еді. Расына келсек ол кезде де кітаптардың оқы­­­латыны болатын, оқыл­май­тыны да жетер­лік болды. Ел­­ есінде қал­ған тама­ша туын­­­­­­­дылар, етжа­қынымыздай болып кеткен ақын жа­зу­шы­лырымыздың есімдері жадымызда жаңғы­рығады. Әр үй­ден міндетті түр­де табылатын айтулы, әй­гі­лі кітаптарды ай­там.­ Ұмы­­тыла бастағандары қан­ша­ма. Кітапхана қорында бол­ғанымен ұрпақтың ойында жоқ. Кінәліні іздемей-ақ­ қоя­йық, бәрібір іздеп таппайсың. Өт­кеннің алғауы аңсаумен аяқталады.


Тегтер: кітап, қазақ әдебиеші, жазушы, Жақау Дәуренбеков
Авторы: Жақау Дәуренбеков, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

70 0

ақпарат

Халықаралық терминдердің лингвистикалық мәртебесі

63 0

ақпарат

Жазушы қауымға артылған үлкен жүк

33 0

ақпарат

Кітап оқып, миллион ұтып ал!