Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Арқалық тұрғындары жалпыхалықтық диктант жазды

20.11.2018 241

Қарашаның 14-ші жұлдызында арқалықтықтар латын графикасындағы әліпбиге негізделген жалпыхалықтық диктантқа қатысты. Аталмыш шара еліміздің түкпір-түкпірінде бір уақытта қала әкімшілігі тарапынан дайындалған арнайы аудиторияларда, белгіленген мекемелерде жүргізілді.

Жалпыреспубликалық акция жаңа қазақ әліпбиін насихаттауға, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыландыруға бағытталған.

Бұл туралы алдын ала жергілікті телеарнадан 2 тілде анонстық хабарлама беріліп, әрбір мекемеде арнайы құрылған жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Жалпыхалықтық диктантқа қаламыздан 3 мыңнан астам адам қатысты. Еmle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және «Қазақ радиосы» арналарының тікелей эфирінде қарапайым халыққа қолжетімді екенінен хабардар болған тұрғындар аталған шараға ерікті түрде көпшілікпен бірге отырып және онлайн қашықтықтан қатысуға ниеттерін білдіріп, ат салысты.

Диктанттың тақырыбы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзден тұрды. Диктант аяқталған соң, мәтінді арнайы құрылған топ тексеруден өткізіп, облыстық Тілдерді дамыту басқармасына жіберілді.

Қатысушылар контингенті

Қатысушы

саны

олардың ішінде

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1

Мемлекеттік қызметшілер

84

4

25

55

2

Мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері

1664

259

728

677

3

Студенттер

956

96

373

487

4

Оқушылар

791

29

169

593

5

тағы басқалар

199

6

39

154

Жалпы саны

3694

394

1334

1966

Жалпыреспубликалық диктант жазуға қатысқандардың көбі жаңа қазақ әліпбиін қолдану барысында кейбір қиындық туғызатын мәселелердің барын да айтып жатты. Кемшін тұстарының бірі – төл әріптерімізде. Шара барысында Әлі де жетілдіре түсуді қажет ететін, әсіресе, «і» мен «и», «ы» мен «й», «у» мен «ұ», «ү» әріптері тек мектеп оқушыларын ғана емес, латын қаріптерін меңгергендерді де шатастырады деген пікірлер қалыптасуда.

Тегтер: жалпыхалықтық диктант, латын

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

293 0

ақпарат

Кекілбаевтану - әдебиеттану ғылымында негізгі пәндердің бірі болуы керек

253 0

ақпарат

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында

435 0

ақпарат

Үш тілді сәби кім болып шығады?