Қарағанды тұрғындары жалпыхалықтық диктант жазды

Қарағанды облысының меншік нысанына қарамастан барлық мекемелері бүгін республика аумағын қамтыған жалпыхалықтық диктант жазу науқанына белсене қатысып, жаңа әліпбиде жазуға машықтанды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қараша, 2018

Жаңа әліпбиге дағдыландыру, соның ішінде бүгінгі өткен диктантқа дайындық ретінде ұйымдастырылған семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары өз нәтижесіп беріп, жалпы мемлекеттік қызметшілер жаңа әліпбиде еркін жазғаны байқалды. Соның ішінде бірнеше ай бойы тренингтерге жиі қатысқан сот, прокуратура, ішкі істер органдары қызметкерлерін ерекше атап өткен жөн. Мемлекеттік қызметшілерден өзге, облыс аумағындағы жасы 15-тен асқан барлық тұрғындар бұл шараға қатысуға зор құлшыныс танытып, диктант алушы мамандарға жылы лебіз, ақ нитеттерін танытып жатты. Тіпті ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды қарияларымыз қызығушылық танытып келген жаңа әліпбидің болашағы кәміл зор болмақ.

Шара жергілікті БАҚ арқылы, соның ішінде телеарналар арқылы таралып, жалпы халық диктант барысынан хабардар болып отырды.

Басшылық құрамдары бастап диктант жазған ірі кәсіпорын, жекеменшік мекемелердің мамандары жалпыхалықтық шарадан соң қазақ тілі курстарына, латын әліпбиінде жазуға үйретететін арнайы курстарға жазылуға талпынып, өтінімдер тапсырып жатты. Олардың қатарында «АрселорМитталТеміртау» АҚ, «Қарағанды Шұбаркөл» АҚ, «Қарағанды фитохимия» АҚ, «Сарыарқа әуежайы» АҚ, «Қарағанды жылу» ЖШС, «Қарағанды су» ЖШС, «Қарағанды теплотранзит» ЖШС, «Қарағанды энергоорталық» ЖШС және т.б. кәсіпорындар бар.

Диктанттың соңында қатысушылар Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі Ресурстық орталық дайындаған «Lатyn-каraokemen» «Атамекен» әнін шырқап отырды. «Latyn-karaoke» жобасы аясындағы әндер топтамасы YouTube желісіндегі Q-Ǵalam арнасында топтастырылғанын атап өткен жөн.

Жалпы, қарағандылықтардың жаңа әліпбидің мүмкіндіктеріне деген пікірлері жоғары. Ол пікірлер мен жалпы ақпарат Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының tilderdidamytu интапарақшасына орналастырылды.


Баға беріңіз