Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жайықта жаңа әліпби насихатталды

12.11.2018 295
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаңа әліпби ережелері Жайық жұртшылығына таныстырылды

Насихат тобы 2018 жылғы 5-6 қарашада Атырау қаласының Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында және Исатай, Құрманғазы аудандарында, 8-9 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграралық-техникалық университетінде, Ақжайық, Сырым аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары Болат Жексенғалиев, Қ.Жұбанов атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Сәдуақас, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Бақыткүл Ысқақова, аталған мекеменің терминология және ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Салауат Кәрімовтен құралған топ мүшелері әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелерді талқылады.

Топ мүшелері көпшілік қауымға жаңа қазақ әліпби емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын таныстырып, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру кезінде туындайтын өзгерістер туралы әңгімеледі. Халықтың жаңа әліпби реформасына қатысты ой-пікірлерін тыңдады.

Аталған шараға облыс қалалары мен аудандарының тұрғындары, еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларының қызметшілері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқушылар, өңірдің тілтанушы ғалымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тегтер: Тіл-Қазына, латын, әліпби
Авторы: Тіл әлемі порталы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

63 0

ақпарат

Халықаралық терминдердің лингвистикалық мәртебесі

63 0

ақпарат

Жазушы қауымға артылған үлкен жүк

31 0

ақпарат

Кітап оқып, миллион ұтып ал!