Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Текті сөздің төресі – терме

10.11.2018 414
​Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының  ұйыдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Байқауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген үміткерлер шығармалар орындап, бақтарын сынады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқау жыр-термелер арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге жаңаша серпін берді.

Байқаудың Бас жүлдесі Қызылордалық Күнсұлу Түрікпенге бұйырды. 1-орын Батыс Қазақстан облысы Күләш Қуанышқалиева, 2-орын Қарағанды облысынан қатысқан Нұрмұхаммед Байсүгіров иеленді. Ал 3-орынды Павлодар облысының термешісі Оразбек Бахатхан мен Маңғыстау облысының қатысушысы Манаш Әдімбаев еншіледі.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетті.

Тегтер: қазақ, тіл, Тіл-Қазына, терме, Тараз
Авторы: "Тіл әлемі" порталы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

127

ақпарат

ТАҒАЙЫНДАУ

64

ақпарат

«Латын жазуын оқытуға негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емле ережелері» тақырыбындағы онлайн семинар

81

ақпарат

Қызылорда қаласында дәріс және семинар өтті