Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Үздік мақала» байқауы

9.11.2018 254
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Tilmedia.kz» сайтына үш тілде «Үздік мақала» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл саясатын» жүзеге асыру барысында сайтты үш тілде контентпен толықтыру, сапасын арттыру, өнімді жетілдіру және осы порталмен көпшілікті таныстыру.

«Tilmedia.kz» сайты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен оқытудың үштілді моделін дамыту мақсатында, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат тарату негізінде іске қосылды.

Байқау ережесі:

  • Байқауға «Тіл үйренудің тиімді жолдары», «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» және тіл саласынының т.б. тақырыптарына негізделген мақалалар ұсынылуы тиіс. Материал қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады;
  • Мақала көлемі Microsoft Word редакторының А4 форматында 2(екі) беттен кем болмауы тиіс;
  • Ең үздік 10 мақалалар «Tilmedia.kz»сайтына орналастырылады;
  • Жұмыстар tilalemi.kz@gmail.comэлектрондық поштасына 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады;
  • Ең үздік мақала авторлары арнайы сертификаттармен марапатталады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33, 8 707 940 70 74

Тегтер: байқау, мақала, жеңіс, сайт
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер