Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әлем әдебиетіндегі жаңа есім

8.11.2018 69

Ирландиялық жас жа­зу­­шы әйел Салли Руниді The Guardian, Esquire жә­не­ Voguе сияқты басылым­дар әлем әдебиетінің көкжие­гінен көрінген жаңа жазушы деп жарыса жазып жа­тыр. Жас қаламгер бәрін несімен баурап алды? Сал­лидың тырнақалды романы «Дос­тармен дидарласу» бір жарым жыл бұрын ғана жарыққа шыққан. Шыға сала, кітап дүкендеріндегі ең сатылымды романға ай­­налды. Оны «оқыдым» деу сәнге айналған. Және шын мәнінде бірінші беттен бастала сала, одан бас кө­теру мүмкін емес еді деп­ жазады оқырмандар. 25 жастағы жазушы кол­ледж­ді тәмамдап, жаңа жазылған романын еш­те­ңеге үміттенбестен аук­цион­ға қойған. Бірақ оны са­тып алатын баспагер та­бы­лып, кітабы солай жа­рыққа шыққан.

Роман қарапайым сіз­ бен біз сияқты адамдар­ жай­­лы. Бас кейіпкері – сту­­дент қыз Френсис өмір­дің әртүрлі соқпағына түседі. Оған ең жақын до­сы ға­шық. Бірақ қыз от­ба­сылы ермен байланысып, ақша, дүние, мансап жолына тү­седі. Бәрі өмір­дегідей...

Екінші «Жақсы адам­дар» романы 2018 жы­лы берілетін Букер сый­лығына үміткерлердің кең тізіміне енген. Бұл роман жүлдеге ие бола ма, жоқ па белгісіз. Бірақ BBC ро­ман желісімен сериал тү­сіру үшін дайын­дық­ты бас­­тап та кетіпті. Әри­не­ бұл роман да махаб­бат­­ туралы. Ең бастысы, бас­ кейіпкерлерінің шынайы сезімдері мен адал ой­лары оқырмандарын өзіне баурап алады. Бірақ ешқандай идеал жоқ. Бұл да өмірдегідей...

Салли Рунидің басты ерек­­шелігі – жастардың атынан жастар үшін жас­тар туралы жазуында. Ав­­­тор­дың шынайылығы оқыр­­­­ман махаббатын одан әрі­ оята береді деп сене­міз.

Тегтер: әлем әдебиеті, Салли Руни, "Достармен дидарласу", кітап
Авторы: Дайындаған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, "Егемен Қазақстан"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер