Емле-ережесін көпшілік талқылау жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 18 қазанында ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 қараша, 2018

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшу, емле ережелерін көпшілікке кеңінен таныстыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Қуанышов Жапсарбай Ілиясұлы модератор болып, дөңгелек үстелге қатысқан тарихшы, саясаттанушы ғалымдардың қойған сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасып, ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Қазақ тілі әліпбиін латын граматикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы емле ережелерінің негізгі қағидалары мен жаңа әліпбидегі өзекті мәселелерді қозғады.

Осы жылдың 2 қарашасында Қ.Р. Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызыл залында «Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен қонақ дәріс өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Латын графикасына көшіруді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Мұқанова Гүлфариза Мелдешқызы кіріспе сөзбен бастап берді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының докторы Фазылжанова Анар Мұратқызы жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары туралы дәріс оқыды.Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының докторы Күдеринова Құралай Бимолдақызы латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін көпшілікке таныстырып, талқылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Тілдік құзыреттілік» секторының меңгерушісі Төленбергенова Нәзигүл Тұрысбекқызы осы шараны ұйымдастырып, жаңа әліпбиге байланысты жан-жақты талқылау жүргізді.

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732 , http://tilalemi.kz/article/1733 , http://tilalemi.kz/article/1734-.html , http://tilalemi.kz/article/1745-.html , http://tilalemi.kz/article/1751-.html , http://tilalemi.kz/article/1756-.html


Баға беріңіз