Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Павлодарлықтарға жаңа әліпби ережесі түсіндірілді

2.11.2018 80

Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 2 қарашада латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын қоғам арасында түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Железин, Шарбақты аудандарында кездесу өтті.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары, тілдерді дамыту жөніндегі, білім беру, ішкі саясат басқармаларының өкілдерінен құралған түсіндіру топтары латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуі олардың өзін-өзі бағалауы, бейімделуі қажеттілігі туралы ақпарат берді.

Шараға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдар мен бюджеттік сала қызметкерлері, тіл мамандары мен аудармашылар қатысты.

Жалпы ағымдағы жылдың 9 қарашасына дейін ереже жобасы бойынша ақпараттық жұмыстарды облыстың барлық қалалары мен аудандарында жүргізу жоспарланған.

Тегтер: Павлодар, тілдерді дамыту басқармасы, мемлекеттік тіл, жаңа әліпби
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

62 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер

94 0

ақпарат

Жайықта жаңа әліпби насихатталды

88 0

ақпарат

Өзге елдің өрендері қазақ тілін үйренуге құштар