Тілшілер бес жүзге, тиражы жиырма бес мыңға толсын!

Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қараша, 2018

1925 жылы «Еңбекші қа­зақ» газетінің №407 санын­да жарияланған қыс­қа ға­на бұл мақа­ладан сол кез­дегі ел өмірі туралы бі­раз ақпарат алуға болады. «... саны 6 миллион ша­маланған қа­зақ елінің...» деген сөй­лемнің өзі Ахаң айтқан «Әлхамдулла, алты мил­­лионбызын» нық­тап өткендей. Газеттің 4 жыл­дық мерекелік санына орай жазылған мақаланың авторы «Сарықұлұлы» деп көр­сетіліпті.

Газет – үкімет тілі, жұрт айнасы. Ел мен үкіметті сөйлестіріп отыратын ел­ші­сі. Еңбекші елдің жоғын із­дей­тін жоқшысы. Қамын жеп қайғыратын қамқоры. Жол көрсетіп, жөн сілтеп, адас­­қанын айтып, қоныс із­дейтін көшбасшы қариясы. Соның бәрін мойнына алып отырған газет жазушы және тілшілермен көркейіп, оқушы­лармен ұлғаймақ.

Мәдениеттен кенже қалған саны 6 миллион шамаланған қа­зақ елінің орталық жалғыз газеті «Еңбекші қазақ» бүгін тұсауын кескен баладай төрт жасты жасап, бес жасқа шы­ғып отырса да, саны он мыңға, белгілі тілшілері бір мыңға жеткен жоқ. Әрине, бұл біздің қазақ азаматтарының газет ісіне суық қарағандығын көрсетеді.

Біздің ел адамдарымыз түгіл, қызметтегі азамат­тары­мызға га­зетке жазылыңыз де­­сеңіз, кейбіреулері: «Пұл тө­лемей-ақ оқып жүрмін», дейді. Бұдан болыстық, ауыл­дық кеңселерге арнал­ған га­зет­­терді жолсоқты қыла­ты­ны көрінеді.

Қолы хат білетін қызметтегі азаматтарымыздың көбі газетке хабар жазғанды ар көреді. Га­зет тілшілерін өсекшіл деп кеке­тіп те жүреді. Бұдан ол азамат­та­рымыздың саяси са­уатсыздығы, әлеу­мет ісіне берілмегендігі, қара басының қамын іздеген өзімшіл надан­дығы көрінеді.

Біздің айтарымыз:

1. Қолы хат білетін қазақ аза­­мат­тарының көрген-білген ха­барын жазып, басқармаға жіберіп тұру міндеті. Сондық­тан олар жазып тұруы керек.

2. Ел ішінен тілшілер белгі­леніп, оларға басқармадан нұс­қаулар жіберіліп тұруы керек. Қалалардан тілшілер ұйымы ашы­луы керек.

3. Қызметте жүрген қазақ аза­­маттары істеп жүрген ісін­де қа­зақ еліне келген пай­даны, зиян­ды күнделік тә­жі­рибесінен бі­ліп, қазақ елінің тұр­мысын жөн­деу туралы пікірлерін жазып тұрулары керек.

«Еңбекші қазақ» күнделік газет болсын.

Қызметтегі қазақ азамат­тары «Еңбекші қазаққа» жа­зылуға міндетті болсын.

Ел ішінен жазылушылар жиналып, оларға газет жол­соқты болмай тиюіне қатты шара қарас­тырыл­сын.

«Еңбекші қазақ» 6 жасқа шыққанда тілшілері бес жүз­ге, тиражы жиырма бес мыңға жет­сін.


Баға беріңіз