Термин жасаудың тарланы ұлықталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 қазан, 2018

2018 жылғы 24 қазанда «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және Халықаралық Түркі академиясымен бірлесе ұйымдастыруымен ұлттық термин жасау ісінің тарланбозы, ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм Жарылғаповтың100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға бауырлас Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінің және республикамыздыңесімі кеңінен танымал тілшілері, әдебиеттанушылары, тарихшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылар, магистранттар, студенттер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Келіп түскен 70-ке жуық ғылыми мақала арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты. Конференцияға материалдары негізінен төмендегідей тақырыптар аясында қабылданды:

1.Ісләм Жарылғапов және қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

2.Терминология және аударманың өзекті мәселелері

3.Латын әліпбиіне көшудің ғылыми-әдістемелік негіздері

Конференцияның алқа мәжілісінде келесі тұлғалар баяндама жасады:

Дүйсен Қасейінов – Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас xатшысы;

Дархан Қыдырәлі – Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

Ерден Қажыбек – Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Өмірзақ Айтбайұлы – Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Хулия Касапоглу Ченгел – Анкара қаласыныңҚажы Байрам университетінің профессоры, Түркітану орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы (Түркия);

Булудхан Азизоглу Халилов – Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы (Әзірбайжан);

Қадыралы Қонқобай – Халықаралық Түркі академиясыныңа5а сарапшысы, профессор (Қырғызстан);

Өтеш Қырғызбаев – Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ісләм Жарылғапов мұрасын зерттеуші;

Мұхамбедия Ахметов – «Астана» медицина университетінің профессоры, мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты;

Әлімхан Жүнісбек – Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Облыстың рухани тынысына өзіндік серпін берген ғылыми іс-шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Ісләм Жарылғаповтың мол мұрасын насихаттау, терминология және аударма салаларына қатысты келелі ой қозғау мақсатында ұйымдастырылды.


Баға беріңіз