Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Дубляж жасауға байқау жарияланды

25.10.2018 184
​«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ шетелдік үздік анимациялық фильмге қазақ тілінде кәсіби дубляж жасайтын компанияларға  байқау жариялайды.

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ шетелдік үздік анимациялық фильмге қазақ тілінде кәсіби дубляж жасайтын компанияларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты - «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау.

Шетелдік үздік анимациялық фильмді қазақ тілінде дубляждау және латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиінде субтитр беру;

Дубляждалған анимацияны БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау, орналастыру;

Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, латын графикасындағы қазақ әліпбиін субтитрмен беру арқылы балаларға латын әліпбиін үйрету.

Байқауға қойылатын талаптар:

Анимация арнайы жабдықталған студияда дыбысталуы керек. Студияның шетелдік анимациялық фильмдерді дыбыстауда тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы шарт. Шетелдік анимациялық фильм қазақ тілінде дыбысталады (дубляж).

Анимациялық фильмде жаңа бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен жазылған субтитр беріледі. Субтитр берілетін түс (анық болуы шарт) анимациялық фильмнің көрінісімен үйлесуі қажет.

Республикалық телеарнада көрсетіледі.

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттау жұмысы қарқынды жүргізіледі.

Дубляжды жүзеге асыру мерзімі 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін.

Дубляж жасалатын фильмнің атауы, синопсис (презентация түрінде) және бағалық ұсынысты, мүмкін болса, қызмет көрсету кестесін көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы жолданады.

Компанияның шетелдік үздік анимациялық фильмді дубляж жасауға және телеарналарда орналастыруға лицензиясы болуы шарт.

Ұсыныстар төмендегі мекенжай бойынша қабылданады.

Астана қаласы Сығанақ көшесі, 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:
2018 жылдың 31 қазанында сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Байқауға қатысуға өтінім Байқауды ұйымдастырушыға мөрленген конвертте келесі көрсетілген ақпаратпен беріледі:

-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;

-Байқауды ұйымдастырушының атауы мен байланыс ақпараты;

-Байқаудың атауы.

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қабылданбайды. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.


1 қосымша

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-

практикалық орталығы»КеАҚ

атқарушы директоры Е.Тілешовке

кімнен _________________________

__________________________

__________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;

тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)


Өтінім

___________________________________________________________________________

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы)


Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінім беру күні «» __________20__жыл


Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, байқау
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер