Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тілдік кедергі һәм қарағайға қарап, тал өсер...

23.10.2018 187

Бала кезімде ағам "от жағуға тамыздық болады" деп, қаладан қаптарға салынған ескі кітаптарды ауылға алып келетін еді. Сол қаптардын ішінен тарихи кітаптарды тауып алып, ішім пысқанда оқитын едім. Кітаптар ішінен, Карл Маркстың «Капитал» деген ғылыми еңбектерін қызығып бірнеше рет оқысам да, ұқпайтын едім. Ағамнан сұрап жүріп, «Большой энциклопедический словарь» деген қалың кітапты қолыма түсірдім. Қойдың кезегіне барсам да, «мен көтермеймін, ат көтереді» - деп, «энциклопедияны» қоржынға салып алып, мал соңында жүріп оқитынмын.

Барлық кітаптардағы жиі кездесетін түсініксіз терминдер мен сөздерді дәптерге жазып алып «энциклопедиядан» қарап отырып түсінуге тырысып, ғылыми және саяси ойларды өзімше қазақшаға аударатынмын. Нәтижесінде, кейін «Капиталды» оқығанымда ғылыми және саяси сөздерді түсіне бастадым. Институтта тарих мамандығы бойынша оқып жүргенімде, Карл Маркс пен В.И. Лениннің ғылыми еңбектерін еш қиналмай оқып ұғатын хәлге де жеттім. Жылдар бойы, Ленинның шығармаларын оқып жүріп, ойшылдың кітапқа түсірген ойларының даурықпа екенін түсіндім. «Демагогия» демекші, кітаптардан ұғып түйгеніме дәлел болсын дегендей "К.Маркс, В.И.Лениннің ілімімен Совет еліне коммунизм орнатамыз" деген Кеңес Одағы да құлады.

Қатардағы азаматтарымыз түсіне бермейтін саяси сөздерді көп пайдаланып ұстаздық жұмысымда орысша судырлап сөйлегенімде алдымдағы отырған аудитория ауыздарын ашып, дәрісімді түсінбесе де тыныш отырып тыңдайтын. Адамдарды өзіне орап алып тыңдататын феноменді осы күнге дейін, еліміздің билігінде жүрген орыстілді тұлғалар аса шеберлікпен пайдаланады. Совет өкіметі тұсында барлық деңгейде бастық болған үлкен кісілер мені жақсы түсінеді деп ойлаймын. Себебі олар, барлық мерекелерде және жиналыстарда орыс тілінде өз заманындағы көсемдерді ұлықтайтын баяндама жасауға міндетті еді. «Баяндамаларын» ойдағыдай оқып шығу үшін, әр қазақ орыс тілін жақсы білуге тырысты, тіл қорын үзбей толықтырып отырды. Осындай «дәстүрлерді» осы күнге дейін сақтап, ескінің адамдары бүгін отбасыларымен жалғастырып отыр деуге болады. Сол заманнан осы күнге дейін ана-тіліміз екінші қатарда тұр.

Еліміздің барлық қалаларындағы жергілікті әкімшіліктерінде тілдерді дамыту бөлімдері бар. Шаһар тұрғындарын қазақ тіліне оқытуға арналған қала бюджетінен жылда қомақты қаражат бөлініп отырады. Мемлекет ақшасын жергілікті әкімшіліктер жанында жұмыс жасайтын оқу орталықтарына емес, сол жерде коммерциялық тұрғыда жұмыс жасайтын білім беру орталықтарына субсиядия ретінде беру керек сияқты. Осы кезде ғана мемлекттік емес білім беру орталықтары қала тұрғындарын оқуға шақырып, қазақ тілін нәтижелі үйренуге орналған оқытудың жолдарын табар еді.

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдардың қолдауымен жұмыс жасайтын еліміздегі қоғамдық ұйымдарды айтпағанда, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың өздері барлық жерде іс-шараларын көбіне орыс тілінде өткізіп жатады.

Азаматтарымыздың қарым-қатынасында тілдік кедергілер (Языковые барьеры)мәселелесі осы күнге дейін шешімін таппай отыр. Азаматтар арасындағы тілдік кедергілер еліміздің ілгері алға басып дамуына тосқауыл жасайтыны анық. Тек орыс тілінде сөйлейтің бауырларым «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» - деген сөздерге неге құлақ аспайды? Барлық білім беру орталықтарында шет тілдерін оқып жүрген жастарымыз болашақта шет елдеріне жұмысқа немесе тұрақты өмір сүруге кетуді армандайтындарын жасырмайды.

Бухгалтерия, смета жасаушы, кадр жұмыстары деген сияқты мамандарға оқытатын ақылы репетиторлық оқу курстары барлық жерде көптеп ашылып жатыр. Сол білім беру орталықтардың көпшілігі білімдерін тек орыс тілінде береді. Мемлекетіміздің орта кәсіптік және жоғары оқу орындарда қазақ тілінде оқылатын кәсіптік білім беру сапасын жоғары көтеріп, ұдайы жетілдіріп отыруымыз қажет. Барлық оқу орындардағы оқитын жастарымызға сабақ орнына көше сыпыртқанымыз да дұрыс емес. «Сенбіліктер» арқылы жастарымызды еңбекқорлыққа және тазалыққа үйретеміз деген ұғымдар қате.

Елбасының осы жолғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынғаның білеміз. Барлық ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады, жастарымыздың жағдайын жақсартамыз деген сөздер еліміздің барлық саяси партиялардың бағдарламаларында жазылған. Осыдан барып, жастарымызды мемлекттіміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға шақырамын! Бұл дегеңіміз алда, жастарымызға сайлауға барып еркін таңдау жасауына немесе сайлауға түсіп таңдаулы болуға болады деген Конституциялық құқықтарын мейлінше пайдалану керек.

Тегтер: кітап, тіл, аға, іні, Карл Маркс, Ленин

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

348 0

ақпарат

Терминді қиындатпайық

289 0

ақпарат

Тегімізді реттесек…

261 0

ақпарат

Баршаға ортақ қасиетті құндылық