Жаңа әліпби: орфоэпияны меңгертудің маңыздылығы

Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 қазан, 2018

Кез келген тілдің емле ережесі түзілу барысында белгілі бір тілтанымдық принциптерге негізделетіні белгілі.Қазіргі латын графикасына негізделген қазақ тілінің емле ережесі дыбыстардың мағына ажырататын реңкін таңбалайтын фонематикалық принципті басшылыққа алып отыр. Күрделі сөздерді таңбалауда морфологиялық принцип,шеттілдік сөздерді қазақ тілінің дыбыстық әуезіне икемдеу үшін фонетикалық принциптер де қамтылған. Дегенмен тілдегі кейбір орфограммасы күрделі сөздер латын әліпбиімен орфографиялауда қиындық тудырып жатқаны жасырын емес. Мәселен, бүгінгі таңда тілтанушылардың арасында ғылыми пікірталасқа айналған и, уграфемаларының дыбыстық құрамы мен оларды латын әріптермен орфограммалау жайында бірқатар мақалалар жазылып, түрлі пікірлер де айтылыпкеледі. Кейбір тілтанушылар и, у-ды таратып жазудыұсынса, кейбіреулері бір ғана таңбамен беруді жөн көреді. Профессор Ә.Жүнісбек: «... туралы, сияқты тәрізді сөздер болашақ латын жазуында қос таңбамен тұуралы, сыйақты өрнектелуі керек. Бұл жүйе арқылы қазақ тілінің буын,тасымал, морфемдік желісін сақтаймыз», –дейді.Ал профессор Н.Уәли: «Жазуды фонетикалық транскрипцияға айналдырмау керек. Жазуда негізгі реңк қана хатқа түседі және жазуда экономияболу шарт»,– деп көрсетеді.Ғалым Қ. Күдеринова: «Қосар әріп орнына дара жазып, үнемдеу принципіне сай келсек, екіншіден, и, у таңбалары сөздің айтылу жүйесіне кереғар болған жоқ, сондықтан латын әліпбиіне көшкенде де өзгертуді қажет етпейтін ережелер қатарынан табылуы тиіс, – деген пікірге келеді.

Әрине, қосар әріпке арнайы бір таңба арнап жазу –көзшалымға да,жазғанға да қолайлы.Мәселен, жуу сөзін таратып жазатын болсақ, қазіргі жаңа латын графикасы бойынша былайша көрініс табады екен:juýuý.

Бұл мәселеде орофографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарды ескеру қажет болар.Емле ережеде бір таңбамен белгіленген и, уәріптерінің дыбыстық құрамын меңгертуде басымдылық беру керек. Себебі қазіргі оқыту әдістемесінде қазақтың төл сөздерін қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына сәйкес меңгерту әдістемелері кемшін түсіп жататыны байқалады. Оны өзгетілді оқушылар мен студенттердіңи, у таңбаларымен келетін сөздерді айтылуы бойынша емес, жазылуы бойынша оқитындарынан аңғарып жатамыз. Мысалы, оқыйды емес, оқиды, тоқыйды емес, тоқиды. Сөздеріміз қалай жазылса, солай оқу дағдысы қарқын алып бара жатыр.Сондықтани, у сөздерінің дыбыстық құрамын меңгертуде қазақ тілінің артикуляциялық нормасын бұзбай оқыту мен айтқызуды ескеру қажет.

Сондай-ақ, жуырда Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы қанатқақты (пилоттық) мектептер менколледждерде латыннегізді емле ережеге негізделген сынама сабақтары жүргізілді. Сабақ барысында оқушылардың жекелеген сөздерді, мәтіндерді оқытудаорфография мен орфоэпия заңдылықтарын шатастырып,айыра алмайтындары байқалды. Бұл тек и мен у әріптерімен келетін сөздерге ғана қатысты емес, оқушылардың үндесіммен, үйлесіммен, дұрыс екпінмен айтуды қажет ететін басқа да төл сөздеріміздіөз мәнінде дыбыстай алмауы алаңдатты. Мысалы, орұн деудің орнына орын, бүгүн деудің орына бүгін, кітәп деудің орнына кітапт.б. Сондай-ақ, оқушылардың ш, ж мен й-дің аралығында келетін аәрпінайтуда ә дыбысымен [шәй], [жәй],[жәйлау]емес,жазылуы(шай, жай, жайлау) бойынша оқитындар да аз болмады. Осылайша бірізді үндесіммен дыбысталмайтын төл сөздеріміздің ауызша ұлттық тілдің нормасынан алшақтап бара жатқаны өкінішті жайт.

Сірә, бұның бір себебін қазақ тілі білімінде орфография мен орфоэпия заңдылықтарының бір жүйеге келмей жатқандығынан іздеуіміз қажет болар. Екіншіден,бастауыш сыныптарынан бастап жоғары сыныптарына дейінгіоқу бағдарламаларында орфоэпия мәселесіне басымдылық бермегендігінен болар. Содан оқулықтар мен нұсқаулықтарда орфоэпияны меңгерту қамтылмай жатқандығынан болар. Сондықтан бүгінгі оқушыға ауызша кодтағы орфоэпиялық заңдылықтарды баса назар сала отырып меңгертуді қажет ететін маңызды мәселе екенін атап өткен жөн.Орфоэпиядағы үйлесімсізділік бүгінгі радио мен теледидардан хабар жүргізетін дикторлар мен журналист-тілшілердіңсөйлеу тілінде де кездесетінін академик Р.Сыздықованыңмақалаларында сөз болды. Осымен байланысты академиктің ерекше атап өтетін «Сөз сазы» атты еңбегі арналған. Жазу мен дыбыстаудың ара қатынасы жайында, тіл мәдениеті үшін айрықша орын алатыны жайында профессорН. Уәлидіңеңбектерінде де айтылып жүр.Осындай орфоэпиялық ережелерге негізделген ғылыми еңбектердегі қағидаттарды ескере отырып, оқу бағдарламаларына енгізіп, сағат санын көбейту қажет.

Ал енді латын графикасына көшу барысындакейбір таңбаларды орфографиялаудағыпроблемалар орфоэпиялықзаңдылықтарды бір жүйеге келтірудіталапетеді:

біріншіден, орфоэпияның ғылыми-әдістемелік негіздемелерін айқындау;

екіншіден, қазіргі әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялықнормаларын толық көрсетуге арналған нормативті құралдарды (орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктерді) қатар беру. Бұл бүгінгі оқырманның сөздікті пайдалануына ыңғайлы әрі қолайлы болады.

үшіншіден,орфоэпия ережелеріне қатысты теориялық-практикалық негіздемелерін оқу бағдарламаларына енгізуде басымдық беру;

төртіншіден,қазақ тілі пәні бойыншаәр сыныптың оқу кешендеріне бекітілген лексикалық минимумдарының орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын қатаренгізіп меңгерту;

бесіншіден,оқушылардыңорфоэпиялық білік пен дағдысын қалыптастырудың әдістемесінжетілдіру.

Қорыта келгенде,ұлттық тіліміздің өміршеңдігі мен дыбыстық қорының сақталуытөл сөздерімізді бірыңғай үндесіммен, үйлесіммен дыбыстатып меңгертумен тығыз байланысты екенін ескеруіміз қажет.

Сейітбек Айнұр Аташбекқызы

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»

ұлттық ғылыми-практикалық орталығының

аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты,

Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық

жұмыс тобының мүшесі


Баға беріңіз