Алаш арыстары және жазу мәдениеті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 қазан, 2018

ХIХ ғасырда түркi халықтарын орыс қарпi – кириллицаға көшiру мәселесiн зерттеген көптеген ғалым болды. Солардың арасында Остроумов, Алекторов, Ильминский, Бартольд, Радловтарды ерекше бөлiп айтуға болады. Бұлар арнайы тапсырмалар бойынша үлкен бағдарламамен жұмыс iстедi. Әрi ғалым, әрi миссионер болған бұл топтағылар түркi халықтарының тарихы мен тiлдерiн терең зерттеп, олардың бiрлiгiн ыдырату, жiкке бөлу мәселелерiн қолға алды. Жалпы, түркi халықтарының патша отаршылдығына қарсы күресiнiң басталғанына көп бол­ған едi. Соның бiрi осы жазуды өз­гертуге деген наразылығы бола­­т­ын. Олар жазудың өзгеруi бүкiл сананы жаулаудың басы екен­дi­гiн анық бiлдi. Зиялы қауым өкiл­дерi сол үшiн жанталасып бақты. Бұл орайда татар ғалымы Исмайыл Гаспыралының еңбегi ерекше едi. Ол түркi жұртына арналған «Тәржiман» деген газет шығарған. Исмайыл Гаспыралы үлкен рефор­ма жасады. Ол әліпби­ге тiкелей қатысты болды. И.Гас­пы­ра­лы араб графикасының негiзiнде бүкiл түркi халықтарына ортақ жазу қалыптастырды. 1883 жылы пайда болған бұл жазу төте жазу деген атпен белгiлi болды. «Тәржiман» газетi осы жазумен шығып тұрды, ол арқылы бүкiл түркiлердiң басын бiрiктiру саясаты жүргiзiлiп отыр­ған. Бұл бағытты кейiн Ахмет Байтұр­сынұлы жалғастырды.

Ендi ғана күш алып келе жатқан кеңес өкiметi қазақ зиялыларынан қатты қорқа бастаған болатын. Себебi, қазақтың сол уақыттағы оқы­ған азаматтары кеңестiк қитұр­қы саясаттың арғы жағын­дағы астарын анық көре бiлдi. Оның үстiне, бүкiл түркi әлемiнде қазақ зиялыларының шоқтығы биiк едi. Патшалық Ресей ғасыр­лар бойы жүргiзiп келе жатқан отар­шылдық саясатты одан ары кеңес өкiметi сипаты бөлек мәде­ни жолмен жалғастыра бастады. Алдын­да олар, тiптi қазақ жерiн екiге бөлудi көздедi. Ахмет Бай­тұр­­сынұлы секiлдi қырағы көз халық қаһармандары оны жақ­сы түсiндi. Ахаң ұлтымыздың ұста­зы ғана емес, шын мәнiнде, ұйыт­қысы да болды. Ол өзi ауыл мол­дасынан хат таныған соң, Торғай­дағы екiжылдық орыс-қазақ училищесiн тәмамдаған. Содан кейiн 1891 жылы Орынбордағы мұғалiмдер мектебiне оқуға түседi. Бар болғаны – осы. Энциклопедиялық терең бiлiм меңгерген оның бар оқуы осы ғана. Бұл – Ахаңның өмiр бойы асқан ыждағаттықпен өз бетiнше оқып-жетiлген ғаламат ерлiгiнiң айғағы. 1905 жылғы маусымда Қарқа­ралы уезiнiң Қоянды жәрмең­ке­сiндегi әйгiлi петицияны ұйым­дас­тырушылардың басында жүруi Ахмет Байтұрсынұлының саяси күреске сол кезде-ақ бел шеше кiрiс­кенiн көрсетедi. Ахаң қазақ арасында ғана емес, бүкiл түркi жұртында үлкен беделге ие болған.

Кеңес өкiметi күш ала бастаған соң, бұрын талай лауазымды қыз­мет атқарған Байтұрсынұлы қызметтен шеттетiле бастайды. Мұс­тафа Шоқай сөзiмен айтсақ, бұл Ресей компартиясының отарлау саясатының бiр көрiнiсi едi. 1906 жылдың 11 наурызында II Николай патшаның арнайы кеңесiнде үлкен мәселе болып қаралып, түркi халықтарын орыс әлiпбиiне – кириллицаға көшiру туралы шешiм қабылданады. 1905 жылдан басталған ел iшiндегi әртүрлi толқуларға байланысты бұл мәселе уақытша тоқтатыла тұрған едi. Алайда, соның өзiнде екi арадағы астыртын арпалыс сырт көзге бiлiнбей жүрiп жатты.

1907 жылы патша итаршылары Ахмет Байтұрсынұлын Қарқаралы түрмесiне отырғызды. Одан босап шыққан соң, көп ұзамай-ақ, тыңшылар оны тағы да Семей түрмесiне апарып жабады. 1910 жылы 21 ақпанда қазақ жерiнде тұруға екi жылға тыйым салып, жер аударды. Сол уақыттарда Ахаң, алдымен Омбыға, одан кейiн Орынборға келедi. 1912 жылы «Айқап» журналының 4-5 сан­дарына оның «Жазу тәртiбi» атты мақаласы шықты. Бұл мақала жал­пы түркi әлемiнде болған үлкен жаңалық едi. Қолданып жүр­ген жазу жалпы қазаққа көп қиындық туғызып жүрген. Араб қарпiн пайдаланғанда бiр жазудың өзiн әркiм әрқалай оқып жүрдi. Әрiптердiң әртүрлi жазылып, әртүрлi оқылуы сауат ашуға тұсау болды. Ақырында, «Байтұрсынов әліпбиі» өмiрге келiп, бiлiм-ғылымда ұлы реформа жасалды.

Көптеген түркi халықтарының өкiлдерi басында оны қолдағысы келмей, қарсылық танытқан. Оны, тiптi, «Айқап» журналының позициясы да қолдайды. Ахмет Байтұрсынұлының пiкiрiне бiздiң қазақ зиялылары екiге бөліндi. Тiптi, қазақ зиялылары жiкке бөлiн­дi деп айтуға болады. Себебi, жазу бiздiң мәдениетiмiздiң ең бiр буынды жерi едi. Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы болса, басты мәселе жазуда деп түсiнiп, жазуды өзгерттi.

1917 жылдың 21-26 шілдесі ара­лы­ғында Орынборда өткен бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» саяси партиясы құрылады, оның ат­қарушы комитеті сайланады. Оның жұмысына 6 облыстан – Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Же­­тісу, Ферғана облыстары мен Бө­кей ордасынан өкілдер қаты­сады.

Съезде А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатов «автономиялы тәуел­сіз қазақ мемлекетін құру» идея­сын ұсынса, Ә.Бөкейханов «демо­кратиялық, федеративтік және парламенттік Россия республи­касының құрамындағы» қазақ­тың ұлттық-территориялық авто­­номиясы болуын қолдады. Басым көпшілік Ә.Бөкейханның ұсынысын қолдайды.

Сондай-ақ осы съезде бұрын­нан айтылып келе жатқан саяси ұйым – «Алаш» партиясы құры­лып, оның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Пар­тияның бағдарлама жобасын Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұр­сынұлы, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов бірігіп жасады.

Кеңес өкіметі ұйымдасты­ру­шылық қабілеті бар, қазақ халқының ел-жұртқа сөзі өтетін қоғам қайраткерлерін уақытша болса да өздерінің қатарына тарт­қ­аны шындық. 1920 жыл­дың қазан айында Қырғыз (қазақ) Кеңестік Социалистік Авто­номиялық Республикасы құрылуына байланысты А.Бай­тұр­сынұлы тұңғыш халық ағарту халық комиссары болып тағайын­далды. Ә.Ермеков Қазақ өлке­сі­нің Мәскеудегі өкілдігіне жетек­шілік етті, Х.Ғаббасов Сібір ревкомында өкіл болып, Б.Сәр­се­нов жалпықазақ құрылтай съе­зін шақырумен айналысатын өлке­лік комиссияның мүшесі қыз­­метін атқарды, ал А.Кенжин Қазрев­ком­ның бір бөлімін басқарды. Орталық ұлттық интеллиген­ция­ны лауазымды қызметтерге тарта отырып, жергілікті билікті нығайтуды көздеді. Дей тұрсақ та, Мәскеу қазақ зиялыларына әр уақытта күдікпен қарады, олар­ды уақытша тек өз мақсаты үшін пайдаланды. Мәселен, 1919 жылдың шілде айында Қазрев­ком енді құрылды-ау деген кез­де И.Сталин РКП(б) ОК-тің хат­шы­сы Е.Стасоваға Бай­тұр­­сынұлы туралы: «Мен оны рево­лю­цио­нер-коммунист немесе оған іш тартады деп есептеген жоқпын және олай есептемеймін де, солай бола тұрса да оның ревкомда болуы қажет», – деп жазған. А.Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов және оның серік­тес­тері С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешевтермен бірге ҚКАР жариялаған Құрылтай съе­зін дайын­дауға және оның жұмы­­сына тікелей қатысты. Олар­дың күш-жігерімен тарихи-ста­тис­тикалық, экономикалық, этно­­графиялық, жағырапиялық деректер ұқып­ты­лық­пен жиналып, Қазақ­стан­ның аумақтық шекарасы анықталып белгіленді.

Осындай күрделі кезең орын алып тұрса да, жазу мәдениеті тура­лы жұмыстар басты назарда болып жатты. 1926 жылдың 26 ақ­паны мен 6 наурызы аралы­ғын­да Баку қаласында Кеңес Одағы түркiтанушыларының I кон­­ференциясы өттi. Түркi­тану­шы­лардың бұл конференция­сын­да отаршылдық саясаттың тағы бiр бетпердесi сыпырылған болатын. Мұнда латын қарпiне көшу мәселесi қаралды. Оны әзербайжандық ғалымдар жақта­ған. Олардың өйтпеске лажы жоқ болатын. Латын қарпiне көшу тура­лы ғана емес, ғалымдар бұл жиында термин сөздер төңiрегiнде де үлкен айтысқа түстi. Қазақ жерiнен алқалы жиынға Ахмет Байтұрсынұлы бастаған топ қатысқан. Отаршылдық жүйенiң түпкi мақсатын бұрыннан бiлетiн Байтұрсынұлы бұл басқосудың да өту себебiн жақсы түсiнген. Негiзi, әзербайжан халқын латын әлiпбиiне көшiру туралы мұның алдында талай сөз болған. Оған башқұрттан шыққан көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi, түркiтанушы ғалым Ахмет Зәки Уәлидидiң 1923 жылы ақпанда Ленинге жазған хаты айғақ бола алады. Онда түркi халқы орыс әлiпбиiне көшсе, оның соңы хрис­тиандықтың енуiне әкелетiнi, сондай-ақ, әзербайжан халқының латын әлiпбиiне көшуi туралы мәлi­меттер бар. Бұрыннан қозға­­лып келе жатқан таласты мәсе­ле түркiтанушылардың екiге бөлi­нуi­не әкелiп соқты.

Исмайыл Гаспыралының жадитше, яғни жаңаша бағытын Ахмет Байтұрсынұлы ары қарай жал­ғастыра түскен болатын. Ол 1912 жылы қазақ тiлiнiң дыбыс үндестiгiне лайықтап, жаңа әлiпби жасап шығады. Бұл бүкiл түркi жұрты үшiн қолайлы әлiпби еді. Сондықтан түркiтанушылардың I конференциясында мұны қол­­даушылар да аз болған жоқ. Ға­­лымдардың өзi екiге жарыл­ды. Латын жазуына көшу­дi қо­лдағандар бiр топ, араб жаз­уы негiзiнде жасалған Бай­тұр­сын­ұлы­ның әлiпбиiн пай­да­­­лану қа­жет деушiлер екiншi топ болып, екi топ арасында талас болады. Шын­дығын айтсақ, ке­ңес өкiметi түркi жұртының бас бiрiк­тi­рiп кетуiнен қатты қорықты. Бакудегi түркiтанушылардың I конференциясы латын қарпi­не көшуге орай әдейi ұйым­дас­ты­рыл­ғандықтан да әзербайжан ғалым­дары оны жақтап шығуға тиiс болды. Жаңа үкiметтiң ашық жүр­гiзе бастаған отаршылдық сая­са­тына қарсы тұра алмасын сезген Ахмет Байтұрсынұлы өз идеясын ғылыми тұрғыдан қарсы қойған едi. Ол латын әлiпбиiне көшу орыс қарпiн пайдалану алдындағы әзiрлiк екенiн жақсы түсiндi. Шынында да, бұл такти­калық айналыстың бiр түрi бола­тын. Кейiн көп ұзамай 1928 жыл­дың 20 қарашасында елiмiздiң Орта­лық Атқару комитетi латын әлiп­биiне көшу туралы қаулы қабылдады.

Жазу мәдениетіміз осы латын қарпінде қала бергенде, бүгін­де тіл тазалығы мәселесі аса күр­делене түспеген болар еді. Алайда, А.Байтұрсынов күткен­дей, бұл кирилл қарпіне өткізудің амалдары болып шықты. Ендігі жерде тіл тазалығына оралуымыз үшін, дыбыс үндестігін өз тілі­міз­ге сай сақтап қалуы үшін ла­тын графикасына амалсыз қайта көшуімізге тура келіп отыр. «Еш­­тен кеш жақсы» деген осы шы­ғар. Алдағы уақытта Аста­на­да өткізілетін Дүниежүзі қазақ­та­­ры­ның құрылтайында қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі қызу қолдау табатынына сенімдімін. Өйт­ке­ні, қазірде сырттағы қандастары­мызды жақын­дата түсудің де бірден-бір жолы осы латын графикасына көшу болып тұр. Сондай-ақ бұл жал­пы әлемдегі түркі жұртының жа­қындасуына да үлкен септігін тигізгелі отыр.


Баға беріңіз