Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Халықаралық айтыстың Бас жүлдегерлері - Ринат Заитов пен Мұхтар Ниязов

22.10.2018 88
Көрген де арманда, көрмеген де арманда! Астана төрін екі күн жырға бөлеген дүбірлі айтыс өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысы қалың елді шулатып, халықтың сөз өнеріне деген шөлін бір қандырып, құмарын бір тарқатты-ау!

Айтулы жыр додасына Қырғызстан елінен Асылбек Маратов, Мундузбек Усупбек, Моңғолиядан Рашат Айдос, Қуантқан Аманжол сынды жүлделі жүйріктер келсе, еліміздегі танымал ақындар Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Мақсат Ақанов, Дидар Қамиев, Мейірбек Сұлтанхан және өзге де танымал ақындар қатысқан болатын.

Халықаралық додаға айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, айтыстың ақсақалы Жүрсін Ерман, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, белгілі ғаламы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы және Түркиядан келген белгілі ғалым, Әбдуақап Қара, Моңғолиядан келген ақын, Шынай Рахметұлы қазылық жасады.

Сонымен, Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған айтысқа келген 20 ақынның ішінен келесі күнге 12 ақын сурылып шықты. Финалда Аспанбек Шұғатаев пен Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртай мен Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұлов пен Асылбек Маратов, Мейірбек Сұлтанхан мен Шұғайып Сезімхан, Ринат Заитов пен Айдос Рашат, Мұхтар Ниязов пен Дидар Қамиев айтысты. Шыны керек, екінші күнгі айтыс сәл қысқалау болса да бірінші күнгі айтыстан басым болғандай. Ақындар барын салды. Қазылар көбіне толық ұпай көтеріп отырды. Алты жұп айтыс аяқтағаннан кейін қазылар ақылдасуға шығып, осылардың ішінен үздік шыққан Ринат Заитов пен Мұхтар Ниязовты бас жүлде үшін шешуші айтысқа жіберді.

Екеуі де ентікпеген екен. Нағыз шаппа-шап айтыс жасады. Шулаған ел бірінен кейін біріне аунап залды жарып кетердей шатырлатып шапалақ соқты. Ол айтыс та аяқтады. Ендігі мәселе – Бас жүлдені кімдікі? Бас бәйгені жүлдесі – 7 000 000 теңге.

Шынында қазыларға қатты соғар мәселе. Осы тұста қазылардың қасына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді. Тағы да ақылдасты. Біраз сөйлесіп, бір шешімге келгендей болды.

Асылбек Маратов, Айдос Рашат, Дидар Қамиев, Шұғайып Сезімхан, Аспанбек Шұғатаев сынды бес ақынға арнайы жүлде беріліп 500 000 теңгеден сыйақы үлестірілді.

Жүлделі үшінші орынды Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұлов иеленіп, әр қайсысы 1 000 000 теңгеден қанжығалады. Айта кетерлігі, Серік Қойшығұловқа берілген жүлдені Қазақстан респбликасының мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова тағайындапты.

Жүлделі екінші орынды Рүстем Қайыртайұлы мен Мейірбек Сұлтанхан иеленіп, әр қайсысы 2 000 000 теңгеден еншіледі.

Сөйтіп, бұл айтысқа екі Бас жүлде берілетін болып шешім шықты. Бірінші орын жоқ, екеуіне де 7 000 000 теңгеден берді! Нағыз айтыстың шарпысын, нағыз доданың тартысын көрсеткен екі ақынға бірдей жүлде берген қазыларға риза көңілмен қайтқан айтыс сүйер қауымның құлақ құрышында қалған ақындар жыры көпке дейін ұмытылмастай болды.

Тегтер: Айтыс, Ринат Зайытов, Мәдениет және спорт министрлігі, Мұхтар Ниязов
Авторы: Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер