Жастарға жаңа әліпбиге көшу кезеңдері түсіндірілді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 қазан, 2018

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі Павлодар облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін Павлодар Басқару колледжінің студенттерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті.

Аталған шараға Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілдері қатысты. Олар шара барысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне лайықты болуы үшін елімізде жасалынып жатқан маңызды қадамның бірі – қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру, сол арқылы елімізді рухани жаңғыруға бастайтын мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге қосатын үлесі жайында сөз қозғады. Жастарға жаңа әліпбиге көшудің кезеңдерін түсіндіріп, уақыт өте бұл жобаның нәтижелі болатындығын айтты.

шара еркін форматта өтіп, жастар толғандырған мәселелерін сала мамандарына жолдап, толымды жауап алды.


Баға беріңіз