​Тренинг – дағды қалыптастыру тәсілі

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қазан, 2018

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанынан ашылған Ресурстық тіл орталығы қазақ жазуын латын графикасына көшіру бағытында түрлі шараларды жүзеге асыру үстінде. Атап айтқанда, жаңа орталықтыңЛатын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруыменбүгінгі күнге дейін іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында тренингтер өткізу дәстүрге айналып отыр. Бұл ретте, ең алдымен, орталық мамандары тарапынан облыстың аудан-қалаларындағы тілдерді дамыту бөлімдері мен оқыту орталықтарының латынға жауапты әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, аталмыш мәселеге қатысты жұмысты ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Нәтижесінде қазіргі уақытта Ресурстық тіл орталығы мен өңірлердегі әдіскерлер өткізген тренингтер саны артып, 1000-ға жуық адам қамтылып отыр. Тренингке қатысқан мамандарға қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңызы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, емле ережесінің жобасымен таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осындай тренингтерді өткізудіңұтымдылығына келсек, орындалатын тапсырмалар қатысушыларға ішкі психологиялық кедергілерден арылуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ қатысушының жазу, оқу дағдысын қалыптастыруға көмегі зор. Бұл үрдіс емле ережесі бекіп, оқыту курстары басталғанға дейін жалғасатын болады.



Баға беріңіз